5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет176/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Үйсіндер мен қаңлылар
4.2.
Қаңлылардың қалалық мәдениетінің
дамуы (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсін-
діру;
5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекет-
тік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қаты-
насын анықтау. 
Тірек сөздер
елші
Жібек жолы
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан күні бүгінге 
дейін. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алма-
ты: Аруна, 2010.
3. Қайдар Ә.М. Қаңлы. Тарихи шежіре. – Алма-
ты, 2004.
Оқулық: Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы, 
110-111-бет.
Зерттеу сұрағы:
қаңлыларда қала мәдени-
етінің дамуы немен байланысты болды?
Сабаққа дайындық
Ұлы Жібек жолы, Қаңлы тайпаларының аумақтық 
картасын тақтаға, сауда, тауарлардың түрлі түсті су-
реттерін сынып қабырғасына іліңіз. Қазақстанның 
картасы: ежелгі және қазіргі уақыттағы. Маркер, 
ватман, түрлі түсті қағаздарды сыныпқа әкеліп топқа 
таратыңыз.
 
Сабақтың деректі материалдары
Тарихшы ғалымдар жібек дайындау құпиясы ша-
мамен 5 мың жыл бұрын ашылды деп есептейді. Ал 
ғалым А.А. Тихомиров оның нақты уақыты б.з.д. 298 
жыл деп атап өтеді. Аңыз бойынша, шай ішу кезін-
де патша ханымының кесесіне ағаштан жібі шығып 
тұрған құрт түсіп кетеді. Құрттың жібін тарқатып қа-
раса, ішінен алғашқы жібек жібі шығады. Қытай аңыз- 
дары бойынша, ең алғашқы жібек жіп Си Линг-чи 
ханымға тиесілі болған. Кейін осы император әйел 
Аспан асты империясында Жібек өндіру өнерінің 
пірі саналатын болды. Оның құрметіне осы күнге 
дейін Қытайдың көптеген аудандарында мейрамдар 
өткізіледі. 
Қаңлы тұрғындарының халықаралық саудаға қо-
сылғанын қолөнер орталықтарында дайындалған 
заттардың табылғаны растайды. Мысалы, Сырда-
рияның төменгі және орта бойындағы әйелдердің 
қабірлерінде Қара теңіз қалалары мен Сирияның 
шеберханаларынан шыққан түрлі түсті шынылар-
дан жасалған моншақтар көп табылды. Үндістаннан 
қызғылт маржаннан тізілген моншақтар, піл сүйегі 
әкелініп, одан шаш түйреуіштер жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет