Ғұндар 5.2. Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары (2-сабақ) Оқу мақсаты 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы
мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен
қарым-қатынасын анықтау.
Тірек сөздер келісім
Ресурстар 1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Көмеков Б.Е., Галиев А.А. «Мөде қаған». – Алма-
ты: Аруна, 2007.
3. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна,
2010.
4. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
5. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы,
2006.
6. Жанайдаров О.К. Ежелгі Қазақстан аңызда-
ры. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы:
Аруна, 2006.
Оқулық: Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары, 132-133-бет.
Зерттеу сұрағы: ғұндар мен Ұлы Қытай қорға-
нының салынуы арасында қандай байланыс бар?
Сабақтың деректі материалдары Мөде билікке келген жылдардан бастап ғұн мемле-
кетінің әскери қуатын жаңғыртуға ұмтылды. Мөденің
көрші елдерге жеңімпаз жорықтары басталды. Ғұн
мемлекеті күшейді. Ғұндар қазіргі Кореядан Тибетке
дейін және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта
сағасына дейінгі аймақты бағындырды. Алтай тайпа-
ларын, Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына
дейінгі жерлерді өзіне қаратты. Құрамына қырғыз,
үйсін, қаңлы және басқа да тайпалар кірді.
Ғұндардың құдіреті туралы аңыз: "Тұтқынға түскен
ғұн жауынгері соққыдан құлап түсті. Түн болса да қы-
тайлықтар тұтқынды қолбасшыларына алып келеді.
Тұтқынға: "Мырзаға тағзым ет", – деп бұйрық береді.
Ғұн ызалы көзін жарқ еткізіп, тісінің арасынан: «Біз
еркін өскен, жауымызға бас имеген халықпыз. Ғұн-
дар тек өз басшысына ғана бас иеді. Мырзаңа айт, біз
көппіз. Себебі, әрбір бала – жауынгер. Қажет болса,
әйелдеріміз де қылыш алып шығады. Бұл жер – біздің
мекеніміз, біздің қорғандарымыз, ата-бабамыздың
сүйегі осы жерде жатыр. Бұл өзеннен біздің аттары-
мыз ғана су ішетін болады. Мырза көбірек білгісі кел-
се, арғы бетке жүзіп өтсін. Ол жақта оны жақсылап
қарсы алады...», – деп жауап береді.
Қолбасшы ғұнның өткір сөздерін мұқият тыңдап
отырып, ұзақ ойланды. Иә, шынымен де оның ай-
тып отырғаны дұрыс. Ғұндар соғыстан қорықпайды.
Оларды отпен де, қарумен де ала алмайсың.
Осылайша ғұндардың жорықтарынан шаршаған
Қытай императоры солтүстік шегарасын қорғау үшін
амалсыздан әрбір 100 метр сайын күзет мұнарасы
бар қорған салдырды. Бұл құрылыс Ұлы Қытай қорға-
ны деп аталады. Ұзындығы 10 мың лиден (1 ли жар-
ты километрге тең) асатын дүниежүзіне белгілі Ұлы
Қытай қорғаны шамамен б.з.д. 352 жылы басталып,
қолбасшы әрі билеуші Ши Хуандидің тұсында б.з.д.
213 жылы аяқталған. Ұлы ғұн империясының оңтүстік
шегарасы тап сол Ұлы Қытай қорғанының бойымен
өткен, ұзындығы 5000 шақырым болған.
Қосымша дерек Ғұндардың жеті күнге созылған қоршауы мен
аштықтың азабын кешкен қытай жауынгерінің өлеңі:
Пинь Чен түбі, күйреу естен шығар ма, Арып-аштық, жан қалды сәл шығарға. Қан майданда қанша кештік қасірет, Кейінгі ұрпақ мұны естен шығармас. "Хань әулеті мен хұндардың 300 жылдық соғысы"
кітабынан үзінді.