5-тарау.
Ғұндар
133
Деректермен жұмыс
Сабақтың басында оқушыларға Пинь Чен түбін-
дегі соғыста қалжыраған қытай сарбазының өлеңін
оқып беріңіз. Оқушыларға: "Өлеңнен
қандай әсер
алдыңдар?" "Қандай ой түйдіңдер?" деген сұрақтар
қойып, сыныптық пікірлесу ұйымдастырыңыз.
Оқушыларға А, Ә жазба деректерін оқып танысуға
уақыт беріңіз. «Деректер не туралы?», «Деректер»
несімен құнды?» деген сұрақтар қойыңыз. Оқушылар
бұл тапсырмада деректердегі мәліметтердің ғұндар-
дың көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау үшін
маңызды екенін түсінеді. Бұдан соң А, Ә жазба дерек-
теріндегі мәліметтер негізінде
ғұндардың жеңістері
мен үстемдігі туралы жорамалдар жасайды. Соңында
А, Ә деректерін негізге алып, жорамалдарын қосып,
өзіндік интерпретация арқылы оқиға желісі бар 20–
30 сөзден тұратын әңгіме жазады.
Жауаптары.
Б.з.д. 140 жылы Қытайдағы билік-
ке император У-ди ие болып, ғұндарға қарсы соғыс
бастады. Содан кейін
ғұндармен шегаралық ай-
мақтардағы байланыс бірте-бірте үзіле бастады. Б.з.д.
128 жылы талантты қытай қолбасшысы Вэй Цин көп
әскерімен Ордосқа басып кіреді. Олар қорғанысты
күшейту үшін Шофан деген қамал салып алады. Бұған
жауап ретінде ғұндар Ұлы Қытай қорғанының шығы-
сындағы Цзаоян ауданын бағындырады.
Еске түсіріңдер
Оқушылар Ұлы Қытай қорғанының салынуы тура-
лы дүниежүзі тарихы пәні бойынша білімдерін еске
түсіреді. Әлемнің керемет құрылыстарының бірі қа-
лай пайда болғаны туралы әңгімелеп беріңіз.
Оқушылардан сұхбат алу үшін «Бес саусақ» әдісін
қолданыңыз.
«
Кім? Не? Неге? Қайда? Қашан?» деген
сұрақтарға жауап беру арқылы Ұлы Қытай қорғаны-
ның салыну себептерін анықтайды.
Сол уақыттағы
ғұндардың құдіреті мен үстемдігіне тағы бір мәрте
көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: