5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет215/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырмалар
Оқушылар деректерге сыни тұрғыда талдау жасай-
ды.
Ғұндардың басқа елдерге жорықтарын картадан 
анықтағаннан кейін уақыт сызығына орналастырады. 
Бұл үшін оқушылар карта және «Маңызды шайқас» 
деген мәтін мәліметтер негізінде ғұндардың көрші 
елдермен қарым-қатынасында олардың басқа ел-
дерге үстемдігі күшейе түскенін анықтайды. Соңында 
Мөде бастаған ғұн әскерінің жорықтарын хронологи-
ялық ретпен уақыт сызығына орналастырады.
Жауаптары. 
1. Ғұндар б.з.д. 209 ж. дунхуларға, 
б.з.д. 206 ж. сяньбилерге, б.з.д. 202 ж. динлиндерге, 
б.з.д. 200 ж. Хань империясына, б.з.д. 174–165 жж. 
юэчжилерге табысты жорықтар жасаған.
2. Кейбір оқушылар ғұндардың Хань империясымен 
шайқасындағы жеңісінің маңыздылығын бағалайды.


134
5-тарау. 
Ғұндар
5.3.
Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын 
тарихи картадан көрсету. 
Тірек сөздер
одақтасу 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна, 2010.
3. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
4. Жанайдаров О. К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 
2006.
5. http://e.history.kz
Оқулық: Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, 
134-135-бет.
Зерттеу сұрағы: 
ғұндардың Батысқа қоныс-
тануы қандай өзгерістерге әкелді?
Сабаққа дайындық
Ғұндардың қоныс аударуын көрсететін карта, ұсы-
нылған маңыздылық кестесін, қысқаша келісімшарт 
үлгісін, сабақтың деректі материалдарында ұсы-
нылған деректердің толық мәтінін дайындаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет