Жауаптары. Кім? – Қытай императоры. Не? – Ұлы
Қытай қорғаны.
Неге? – Ғұндардан қорғану үшін. Қа-
шан? – Б.з.д. III ғасырдың соңы. Қайда? – Қытайда.
Сұхбат алыңдар Оқушылар тақырып бойы қарастырылған мазмұн
негізінде Мөденің жеңімпаз жорықтары туралы ой
түйеді. Бұдан соң өздерін Мөдеден сұхбат алушы
ретінде елестетіп, үш сұрақ құрастырады. Құрастыр-
ған сұрақтарын көршісіне қойып, жауабын тыңдап,
көршісінің сұрақтарына жауап береді. Нәтижесінде
оқушылар жұппен мәтін мазмұнымен таныса оты-
рып, ғұндардың қытайлықтарды жеңуінің маңыз-
ды екенін, ғұндардың ықпалы күшті болғанын, тіпті
Хань империясының өзіне қауіп төндіргенін түсінеді.
Мәтіннен дәлелдер келтіріп, пікір алмасады.
Бағалау мүмкіндіктері Оқушылар деректермен, картамен жұмыс жасау
тапсырмаларында бірін-бірі бағалауға мүмкіндік
беріңіз. Сонымен қатар Мөде шаньюйге кем дегенде
3 сұрақ құрастырып, деректерге талдау жасау бары-
сында нақты критерийлерін ұсына отырып, бағалаға-
ныңыз тиімді. Мысалы, деректің мазмұнын талдайды,
деректердің шынайылығын дәлелдейді, автордың
деректі жазудағы түпкі мақсатын анықтайды, жұппен
бір-бірінің сұрақтарына жауап берген кезде жұптық
бағалау ыңғайлы.
Ғұндардың басқа елдермен қарым-қатынастары
туралы кем дегенде 2 фактілі 20–30 сөзден тұратын
әңгіме жазады. Оқушылар жеке: "Кім? Не? Неге? Қай-
да? Қашан?" деген сұрақтардың кем дегенде үшеуіне
өздері таңдап жауап береді. Осылайша саралап оқы-
ту жүзеге асырылады.
Топтық бағалау. Оқушыларды топтарға бөліңіз. Оқушылар топтар-
мен парақтарға сұрақтар жазып, басқа топқа береді.
Өздері сол топ берген сұраққа жауап жазып, кері
қайтарады. Жауап жазылған парақты алған ойыншы
сол жауаптан сұрақ тудырып, кері қайтарады. Ойын
осылай жалғасады.