5-тарау.
Ғұндар
139
Уақыт сызығымен жұмыс
Оқушылар
«Ғұндар Еуропада»
мәтінімен жеке
танысады. Еуропада Ұлы ғұн империясы қалай
құрылғанын түсіну үшін мәтіннен империяның
құрылуы туралы маңызды оқиғаларды уақыт сы-
зығына орналастырады.
Ғұндардың Еуропадағы
жаулаушылық жорықтарын хронологиялық тәртіп-
пен уақыт сызығына орналастыру арқылы оқушылар
Аттила басқарған кезең Батыс ғұн империясының
кемелденген шағы екендігін болжайды. Соңында
оқушылардың назарын мәтіндегі тас атқыш техни-
ка мен қамал бұзғыш құрылғылар туралы ақпаратқа
аударыңыз. Яғни, оқушылар ғұндарда соғыс құралда-
рының жақсара түскенін және ол жеңістерінің кепілі
болғанын түсінеді.
Жауаптары.
Ғұндар 370 жылы аландарды, 375
жылы остготтар мен вестготтарды бағындырды. 430
жылы Византияны салық төлеуге мәжбүрледі. 445
жылы Аттила император атанды.
Ойланыңдар
Оқушыларға Маргус келісімшарты туралы ақпа-
ратты ұсыныңыз. Кейін бұл шарттың қай елге
тиімді болғанын сұраңыз. Алдымен, оқушылар 4-5
бөлімнен тұратын келісіммен таныса отырып, шарт-
тағы әрбір ұсынысты талдайды. Талдауға бағытталған бұл
тапсырманы топпен орындаған тиімді. Егер де оқушы
Ғұн мемлекетіне тиімді екендігін анықтаған жағдайда,
тиісті дәлелдерін келтіріп өткені жөн.
Картамен жұмыс
Оқушылардың назарын Ғұн империясы бейнелен-
ген картаға аударыңыз. Ғұндар Еуропаға қай жақтан
келгенін және Аттила империясының құрамына кір-
ген аймақтарды картадан көрсетсін немесе кескін
картаға белгілесін. Ғұндардың Еуропаға қай жақтан
келгенін атай алуы тиіс.
Жауаптары.
Аттила империясы Орал таулары
мен Каспий теңізінен Дунайға дейін, оңтүстігінде
Кавказ, Азов теңізі, Қара теңіз және Карпатқа созыл-
ды. Ғұндар Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы келді.
Достарыңызбен бөлісу: