5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет24/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.2.
Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің
тұрақтары (2-сабақ) 
Оқу мақсаты
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін 
сипаттау; 
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау.
Тірек сөздер
нуклеус
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Байпақов Қ.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан 
ар хеологиясы. – Алматы, 2009.
Оқулық: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің тұрақтары, 
18-19-бет.
Зерттеу сұрағы:
археологтар Қазақстан жері-
нен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?
Сабаққа дайындық
Сабақтың алдында 4 ватман және сыныптағы 
топтарға 4 түсті стикерден екі-екіден дайындап 
қойыңыз. http://www.kaznu.kz сайтынан археолог
Ж.Қ Таймағамбетовтың Орталық Қазақстандағы ар-
хеологиялық зерттеулері мен тас дәуірінің ескерт-
кіштері сипаттамасы бойынша ықшамдалған таратпа 
мәтін дайындаңыз. 
Оқушыларға археологиялық ескерткіштерді салыс- 
тыру мақсатындағы тапсырмаға берілетін кесте үл-
гісін А4 пішініндегі қағазға жеткілікті мөлшерде дай-
ындап қойыңыз. 
Зерттеуші 
археолог-
тың аты
Қа-
зақстан-
ның қай 
аймағын 
зерттеді?
Қан-
дай 
тұрақ-
тарды 
ашты?
Ескерткіш 
қай кезеңге 
жатады?
Қандай 
олжа-
лар 
табыл-
ды?
Х. Ал-
пысбаев 
А.Медоев
Сабақтың деректі материалдары
Қазақстан аумағы ежелден алғашқы адамдардың 
қоныстанған жеріне жатады. Археологтар алғашқы 
адамдардың көне тұрақтары Бөріқазған, Тәңірқазған, 
Ақкөл, Шақпақатадан табылған еңбек құралдарын 
зерттей келе, олардың ерте палеолитке жататынын 
дәлелдеген. Палеолит дәуірін зерттеу кезінде еле-
улі еңбек сіңірген қазақстандық археологтар: Х. Ал-
пысбаев, А. Медоев, З. Самашев, Ж. Таймағамбетов. 
Қазақстанда тас дәуірі ескерткіштерінің арнайы 
зерттеле басталуына 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым 
Академиясының құрылуы ықпал етті. Қазақстандық 
археолог X.А. Алпысбаевтың жетекшілігімен құрылған 
"Қаратау экспедициясы" 1957 жылы Үлкен және Кіші 
Қаратау жоталары маңынан ертедегі тас ғасыр ке-
зеңіне жататын көптеген тұрақтар мен үңгірлерді, 
5 мыңнан астам тастан жасалған еңбек құралдарын 
тапты. Сонымен қатар Маңғыстау және Балқаштың 
солтүстігіндегі палеолит ескерткіштерін зерттеген
А. Медоев, Шығыс Қазақстандағы тас дәуірінің ескерт-
кіштерін зерттеген З. Самашевтің тапқан археологиялық 
олжалары, Ж. Таймағамбетовтың тың археологиялық 
зерттеулері Қазақстандағы тас дәуірінде өмір сүрген
алғашқы адамдардың өмірін білуге негіз болады. 
Осы туралы көбірек ақпаратты http://www.kaznu.
kz/, http://paleokazakhstan.сайттарынан алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет