Салыстырыңдар Оқушылар мәтінде берілген екі археолог ашқан
тас дәуірі тұрақтарының мерзімі, жасы, олжалар-
дың сипаттамасы бойынша салыстыру тапсырмасын
жұптасып орындайды. Кестені әрбір жұпқа таратып
беріңіз. Кестедегі әр бөлімді оқушылар бірлесіп тол-
тырады. Оқушылар археологтардың зерттеулері мен
тас дәуіріндегі тұрақтарды бір-бірімен салыстырып,
олардың ерекшеліктерін сипаттайды. Осы тапсырма
арқылы оқушылар археологтар зерттеген аймақта-
рын, тас дәуіріне жататын тұрақтарды, олардың қай
дәуірге жататынын, табылған артефактілер мен олар-
дың қысқаша сипаттамасын қажетті бөлімдер бойын-
ша толтырады.
Жауаптары . Х. Алпысбаев Қазақстанның оңтүсті-
гінде зерттеулер жүргізді. Ол ашқан тұрақтар –
Арыстанды, Бөріқазған, Тәңірқазған тұрақтары. Бұл
тұрақтар ерте палеолитке, яғни осыдан 840–140 мың
жыл бұрынғы уақытқа жатады. Табылған артефак-
тілердің көбісі – шапқылар мен қырғыштар. Бұл еңбек
құралдары тастан жасалған. А. Медоев Қазақстан-
ның батысын және орталығын зерттеген. Ол 1960
жылы Маңғыстаудағы Шақпақата тұрағын ашты. Бұл
тұрақтың жасы 840–140 мың жыл бұрынғы уақытқа
сәйкес. Тұрақтан жарғыш сынатас, бифас, пышақ,
қырғыш, үшкіртастар табылды. Сипаттамасы: тастан
жасалған, аң аулауға қолданылған еңбек құралдары.
З. Самашев Қазақстанның шығысындағы тұрақтарды
зерттеген. Соның бірі – Бұқтырма тұрағы. Кейінгі па-
леолитке жатады. Табылған олжалар: тас пышақ, екі
жағынан өңделген қырғыштар.
Тұжырым жасаңдар Палеолит кезеңінің ескерткіштері негізінде
Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың өмірі
туралы тұжырым жасаңдар. Оқушылар алған білім-
дерінің негізінде Қазақстан аумағында болған
алғашқы адамдардың өмірі туралы түйіндеме жасай-
ды. Бұл жұмысты шығармашылық түрде көрсетуге
болатынын ескертіңіз. Мысалы, алғашқы адамның
үңгірдегі өмірі туралы макет жасау, сурет салу, ер-
мексаздан адамдардың шаруашылығы сипатталған
көрініс жасау, фотоколлаж құрастыру және т.б.