5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет32/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – табиғаттағы өзгерістердің 
әсерінен алғашқы адамдардың жаңа еңбек құрал-
дары мен жаңа кәсіптерді игергенін оқып-білу. Осы 
оқу мақсатына сәйкес орындалатын іс-әрекеттер 
арқылы оқушылар өзгерістердің дәлелі болатын 
археологиялық олжалармен танысады. Қазақстан 
аумағынан табылған артефактілер арқылы өзгеріс- 
тердің ауқымды болғанын түсінеді. Табиғаттағы өз-
герістердің адамзаттың шаруашылығындағы маңыз-
ды өзгерістерге әсер еткен фактор екенін түсіндіреді. 
Сабақтың негізгі концептісі – "өзгеріс пен сабақтас- 
тық". Оқушылар сұрақтар арқылы тек өзгерістерді 
талдаумен шектелмейді, өмірмен байланыстыра 
отырып егіншілік пен мал шаруашылығының маңыз- 
дылығына мән береді. Мұғалім іс-әрекеттер бары-
сында оқушыға түрлі қолдаулар жасайды. Мәтіндер-
мен, суреттермен жұмыс ұйымдастыру, қарапайым 
сұрақтан күрделі деңгейдегі сұрақтарға қадаммен 
өтіп отырады. Ол тапсырмаларға сыни тұрғыдан ой-
ланып, жауап беруге дағдыландырады. 
Артықшылығын табыңдар 
Бұл тапсырманы оқушыларға жұппен орында-
тыңыз. Қыш құмыраның суреті бар кеспеқағаздарды 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
23
жұптарға таратып беріп, алдымен сұрақтарды тал-
дап, жауаптарын бірге жазуларын сұраңыз. Оқушы-
лар қыш құмыраға дейін қолданылған себеттер мен 
қыш құмыраны салыстырып, артықшылығын талқы-
лайды. Қыш құмыралардың кең таралу себептері 
туралы қорытынды жасайды. Оқушылардан тапсыр-
маны орындаудан бұрын қыштан тағы қандай заттар 
жасауға болатынын сұрап көріңіз. Қыштың құрылыс 
материалы ретінде мүсіндеу өнерінде де қолданы-
латыны туралы оқушылар білуі мүмкін.
 
Жауаптары. 
Себет дәндерді, жемістерді тасымал-
дауға жеңіл, қолайлы ыдыс болғанымен, оған тамақ 
пісіру, сұйық заттарды тасымалдау мүмкін емес. Қыш 
құмыраның бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, 
отқа жанып кетпейді, қайта күйдірген сайын берік 
болады, сондықтан алғашқы адамдар қыш құмыра-
ларда тамақ пісірді. Екіншіден, су, сүт құйып қоюға 
пайдалануға болады. Үшіншіден, қыш құмыраны 
дайындау технологиясы оңай, көп уақытты алмай-
ды. Төртіншіден, қыш ыдыс жасайтын сазбалшық 
барлық жерде кездеседі. Бесіншіден, қыш ыдыстар 
сынып қалмаса, адам оны ұзақ уақыт қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет