5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет29/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Пікір білдіріңдер
Оқушыларға "Өте суық аймақта өмір сүру үшін 
адамға не қажет?" деген сұрақты талқылауға уақыт 
беріңіз. Сыныпты екі топқа бөліңіз, бір топ қажет 
заттардың тізімін, екінші топ адамға қажетті дағды-
лардың тізімін жасауы керек. Әр топ өз стикерлерін 
тақтаға екі қатарға (заттар және дағдылар) жабысты-
рады. Әр топтан бір оқушы жауаптарын түсіндіреді. 
Сыныптың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін: 
"Сендер қажет деп тапқан заттар мен дағдылар мұз 
басу дәуірінде өмір сүрген адамдарда болды ма?" – 
деп сабақ барысында не білетіндерін айтыңыз.


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
21
Жауаптары
. Заттар: еңбек құралдары, қару-жа-
рақтар, от, жылы киім мен аяқ киім, баспана, азық-
түлік. Дағдылар: еңбек құралдарын жасау, от жағу, 
киім тігу, аң аулау, баспана салу.
Суретті сипаттаңдар 
Сыныпты топтарға бөліп, оқушыларға мамонт 
аулап жүрген адамдардың суретін көрсетіп, бұл 
адамдардың не істеп жүргенін, олардың қолдарын-
да қандай зат бар екенін, осы адамдардың орнында 
болса, нені сезінетіндіктерін сұраңыз. Осы сұрақтар 
арқылы оқушылардың топта талдау жасауын қадаға-
лаңыз. Олардың сурет туралы білім алмасуы сәтінде 
өздерінің алдыңғы білімдерін еске түсіру үшін: "Бұл 
питекантроп па, неандертальдық па?" – деп сұраңыз. 
Әр топтан екі оқушы сурет жанына келіп, топтары-
ның жауаптарымен таныстырады.
Жауаптары.
Бұл адамдар – неандертальдықтар. 
Олар мамонт аулауға шыққан. Бұл – мұз басу дәуірін-
де аман қалған ең ірі жануар. Адамдардың қолында 
ұзын найзалары бар. Күнннің өте суық екендігін сезу-
ге болады. Өйткені, жердің бетін мұз бен қар басып 
жатыр. Бұл адамдардың саны көп болғанымен, үлкен 
жануарға жақын келуге қорқып тұрғандары көрініп 
тұр. Бірақ оларға бүгін азық керек болғандықтан, ма-
монттан бас тарта алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет