5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет35/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
 
Бұл сабақтың мақсаты – Ботай қонысынан та-
былған олжалармен танысып, адамдардың айна-
лысқан кәсіптері мен шаруашылықтарын сипаттау. 
Оқушылар осы іс-әрекеттер арқылы Қазақстан ау-
мағындағы ежелгі тұрғындардың жылқыны қолға 
үйреткенін біледі, археологиялық олжалар арқылы 
энеолит дәуіріндегі адамдардың өмірі, еңбек құрал-
дары, баспаналары, дүниетанымын түсіндіреді. Са-
бақ барысында оқушылар дәлелдерді зерделеп, 
ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткенін 
біледі, энеолит дәуіріндегі өзгерістерді талдайды, осы 
кезеңдегі адамдардың дүниетанымдық түсініктерін 
анықтайды. Сабақ дәлел, өзгеріс және сабақтастық 
концептілеріне негізделген. 
Анықтаңдар
Сабақты оқушыларға жануарларды алғаш қолға 
үйреткен аймақтар бойынша әлем картасын көрсету-
ден бастаймыз. Оқушылар алдыңғы сабақта "Неолит 
төңкерісі" ұғымымен танысқандықтан, жануарларды 
қолға үйрету тарихы сабаққа қызығушылықты арт-
тыруға ықпал етеді. Олар картаға мұқият қарап, жа-
нуарлардың қай аймақта алғаш қолға үйретілгенін 
анықтайды. Оқушылармен бірге картаны зерделеп 
болған соң, жануарлардың қолға алғаш үйретілуі ту-
ралы қызықты ақпараттар беруге болады. 
Жауаптары.
Қой мен ешкі Оңтүстік-Батыс Азия-
да, тауық пен шошқа Қытайда, сиыр Оңтүстік-Батыс 
Азияда, есек пен мысық Африкада, лама мен күрке-
тауық Оңтүстік Америкада, ит Таяу Шығыста, жылқы
Қазақстанда алғаш қолға үйретілген.


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
25
Талқылаңдар
Берілген мәтін мен суретті қолданып, Ботай қо-
нысынан табылған заттарға қарап, олардың ерек-
шеліктерін топта талқылауды ұсыныңыз. Сыныпты үш 
топқа бөліп, бірінші топқа Ботайдан табылған еңбек 
құралдары мен қару-жарақтардың ерекшелігін, екін-
ші топқа Ботай қонысындағы баспаналардың ерек-
шелігін, үшінші топқа ботайлықтардың кәсібі мен 
шаруашылығындағы ерекшеліктерді бөліп беріңіз. 
Стикерге кемінде үш ерекшелігін (оқушылар ерек-
шеліктерді анықтау кезінде осыған дейінгі кезеңдерді 
еске түсіреді) жазуды ұсыныңыз. Топтық талқылаудан 
кейін топтар жауаптарын белгілі бір түстегі стикерге 
жазып, тақтаға жабыстырып, таныстырады.
Жауаптары. 
1. Еңбек құралдарының ерекшелігі: 
а) жасалу техникасы жағынан тасты өңдеу жетілген, 
найзаның, жебенің ұштары бұрынғыдан үшкір және 
өткір; ә) тастан жасалған құралдарының арасында қа-
ру-жарақтар көп, жебе, найза, болас; б) еңбек құрал-
дарының арасында мыстан жасалғандары кездеседі. 
2. Баспаналарының ерекшеліктері: а) үшбұрышты, 
кейде төртбұрышты үлгіде салынған; ә) құрылыс мате-
риалдары: ағаш пен шым, кейде терілерді қолданған;
б) әр үйдің ортасында ошақ орналасқан. Сонымен 
қатар азық-түлік сақтайтын арнайы шұңқырлары бар.
3. Кәсіптері: а) әртүрлі әсемдік заттар мен бойтұмар-
дың, ине мен біздің табылуы оларда тігін тігу мен зер-
герліктің болғанын көрсетеді; ә) мал шаруашылығы 
болған, соның ішінде жылқы малы өсірілген; б) бо-
тайлықтардың тағы бір маңызды кәсібі аң аулау бол-
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет