5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет30/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Өзгерісті анықтаңдар 
Бұл тапсырманы оқушылар жұппен орындайды. 
Оқушылардың назарын мұз басу дәуіріндегі адамның 
тіршілігінің әрбір бөлшектеріне аударуды сұраңыз. 
Бұл сурет мамонт аулаудан кейінгі адамдардың 
іс-әрекетінің жалғасы ретінде беріледі. Оқушылардан 
өздеріне таныс мұз басу дәуіріне дейінгі адамдардың 
өмірімен салыстырып, кемінде үш өзгерісті атап бе-
руді сұраңыз. 
Жауаптары. 
Адамдар бұрынғыдай үңгірлерде 
емес, өздері тұрғызған жылы баспанада (жертөлелер-
де) өмір сүруде. Олар жылы киімдер киетін болған. 
Теріні өңдеуді жақсы меңгеріп алған. Біз, ине сияқты 
құралдарды пайдаланған. 
 
Ойланыңдар 
Оқушыларды топқа бөліп, табиғаттағы өзгерістер-
ге байланысты еңбек құралдары мен дағдылар қалай 
өзгергенін талдауларын сұраңыз. Тапсырмаға арнайы 
кеспеқағаздар дайындап беріңіз. Жауаптарын 
кеспеқағаз астында берілген арнайы орынға жаз-
дырыңыз. Оқушылардан мұз басу дәуірі мен мұз ері-
геннен кейінгі табиғи өзгерістердің адамның өміріне, 
кәсібіне, еңбек құралдарына әсерін қорытынды жау-
аптарын да жазуларын сұраңыз. 
Өзгерістердің ауқымдылығын, оның баяу немесе 
шапшаңдығын уақыт сызығын қолданып анықтау- 
ды, еңбек құралдарын жасау және қолданудағы ерек-
шеліктерге мән беруді ескертіңіз. Сонымен қатар са-
бақтың басында жасалған қажетті заттар мен қажетті 
дағдылар тізіміне нені қосатынын немесе нені алып 
тастайтындықтарын сұраңыз. 
Адамдардың жаңа еңбек құралдары мен қарулар-
ды ойлап табуының бірнеше себептерін талқылауды 
ұсыныңыз. Анықталған себептерді стикерлерге жеке 
жазып қою қажеттігін ескеріңіз. Әр топ себептерін та-
ныстырған соң, барлық себептерді маңыздылығына 
қарай тақтаға орналастыруды сұраңыз. Оқушыларға 
тұжырымдарын түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. 
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың сабақ басында орындалған тапсыр- 
ма мен соңғы тапсырмаларды байланыстырып, жа-
саған қорытынды ойына назар аударыңыз. Сабақтың 
соңында оқушылардың табиғи өзгерістерге байла-
нысты алғашқы адамдар кәсібінде, еңбек құралда-
рында орын алған өзгерістер мен себептерді тал-
даған сипаттамалары бағаланады.


22
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет