5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет41/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақтың мақсаты – ежелгі адамдардың ме-
талды игеруімен байланысты орын алған өзгерістерді 
түсіндіру. Оқушылар сабақта орындалатын жұмыстар 
арқылы Қазақстандағы ежелгі металлургия орталықта-
рын біледі, шаруашылықта, кәсіпшілікте және қоғам-
дық қатынастарда орын алған өзгерістерді, сонымен 
қатар еңбек құралдарының жетілуін талқылайды. Осы 
кезеңдегі өзгерістердің тас дәуірінен айырмашылығын 
анықтайды. Бұл сабақ «өзгеріс пен сабақтастық» кон-
цептілерінің негізінде құрастырылған.
"Миға шабуыл" 
Оқушылардан металдан жасалған заттардың 
тізімін жасауды сұраңыз. Мынадай сұрақтар аясында 
талқылау ұйымдастырыңыз: "Неліктен қазір металды 


1-тарау. 
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
29
адамдар жиі қолданады? Металдың тасқа қарағанда 
қандай ерекше қасиеттері бар?" 
Жауаптары. 
Метал төзімді, жылтыр, иілгіш. Ме-
талды балқытып кез келген пішінге келтіруге, дәне-
керлеуге, қайта өңдеп басқа зат жасауға болады.
Ойланыңдар 
"Б.з.д. ІІ мыңжылдық – б.з.д. VIII ғасыр аралығы 
неліктен қола дәуірі деп аталады?" Оқушылар оқу-
лықтағы мәтінді оқып, бұл кезеңнің неліктен қола 
дәуірі деп аталатынына дәлелдемелер келтіре оты-
рып түсіндіреді.
Анықтаңдар
Археологтар қандай ежелгі кен өндіру орталықта-
рына тап болды? Оқулықтағы мәтіннің негізінде 
оқушылар ежелгі кен өндіру орталықтарын анықтап, 
түсіндіруі тиіс. 
Жауаптары. 
Мыс кендері Қазақстанның көптеген 
аймақтарында кездеседі.
 
Мыс кенінің ежелгі орта-
лығы – Жезқазған өңірі. Геологтар қола дәуірінде бұл 
өңірден 100 мың тоннадай мыс өндірілгенін анықта-
ды. Қалайының ежелгі кен орындары Нарын және 
Қалба жоталары болған. Тапсырманы күрделендіру 
үшін кескін картаға бұл аймақтарды белгілеуге қо-
сымша тапсырма беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет