5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет39/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Себебін анықтаңдар 
Оқулықтағы мәтінмен танысқаннан кейін, жылқы-
ны қолға үйретудің адамзат тарихындағы маңыз-
дылығын айқындайтын себептерді талдау тапсыр-
масын оқушыларға топпен орындауды ұсыныңыз. 
Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалім дай-
ындап келген жылқы жануарының адамдар үшін 
пайдасы жазылған 7 кеспеқағазды маңыздылығы-
на қарай орналастырады. Оқушылар алдымен топ-
та талдау жасайды. Кеспеқағаздардағы себептерді 
маңыздылық дәрежесіне қарай орналастырады. 
Маңызды себептерді жоғарыға, маңыздылығы бір-
дей деп есептелгендерді бір-бірімен қатар, маңыз-
дылығы төмен себептерді астыңғы бөлікке орнала-
стырады. Содан соң әр топ өз жауаптарын сынып 
оқушыларының алдында түсіндіреді.
Жауаптары.
1. Жылқы адамның көлігіне айнал-
ды. Адам үлкен қашықтықты еңсере алатын болды. 
2. Жылқы – ішсе сусын, жесе азық, кисе киім. 3. Ауыл 
шаруашылығының дамуында рөлі зор. Ол жылқы 
шаруашылығы және егін салуда ұзақ уақыт қолда-
нылды. 4. Біз көптеген соғыстарда атты әскерлердің 
басты күш болғанын білеміз. Шайқаста жауды жеңу-
де жауынгерлердің серігі болған жылқының рөлі аз 
болмаған. 5. Жылқыны қазіргі кезде спорттық мақ-
саттарға да баптайды. Көкпар тарту, бәйге сияқты 
ұлттық спорт түрлері жылқының қатысуымен өтеді.
6. Қазақ халқының дүниетанымында жылқының қа-
сиетті жануар саналуы тегін емес. Жылқы – өте таза 
жануар. 7. Биенің сүті мен саумалының емдік қасиеті 
бар. Оқушылардың жауаптары қандай болса да, қа-
былданады, маңыздысы өз жауаптарын дәлелді түр-
де айтып, түсіндіруі қажет.
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылар алдыңғы тапсырмада Ботай тұрағынан 
табылған дәлелдерді сабақтың тақырыбымен қан-
шалықты байланыстыра алатындықтарын көрсетеді. 
Яғни, тұрақтан табылған олжалар ботайлықтарды 
алғашқы жылқыны қолға үйретушілер деп атауға 
негіз бола алатындығын түсіндіреді. Сабақ бары-
сында ботайлықтар қалыптастырған жылқы шару-
ашылығының адамдар үшін маңыздылығын талдап, 
дәлелдерін келтіре алады. Сұрақтарға жауап беріп, 
себептерді талдауға қатысқан оқушыларды ынталан-
дырыңыз. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне 
сәйкес білім мен дағды көрсете алмаған оқушыларға 
қосымша сұрақтар немесе тапсырмалар ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет