1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
27
лардың суреттерімен танысқаннан кейін,
жұптарға
жоғарыдағы сұрақты талқылап, жауап беруді ұсы-
ныңыз. Әр жұпқа кемінде ботайлықтардың жылқы-
ны қолға үйреткендігінің екі дәлелін анықтауды
тапсырыңыз. Әр жұп дайындаған жауапты сынып
бірге тыңдап, ең басты дәлелдерді дәптерлеріне жа-
зып алады.
Жауаптары.
1. Ботай тұрағынан 70 мың жылқы
сүйектерінің табылуы, мұндағы тұрғындардың
жылқыны қолға үйреткенін дәлелдейді. Себебі,
шағын қоныста сонша көп жылқы сүйегінің табылуы
шаруашылықтың болғанын көрсетеді. 2. Қоныстан
жүген мен кісеннің табылуы осыны тағы дәлелдей
түседі. 3. Жерлеу дәстүрінде жылқыға баса назар ау-
дарылғандығы ботайлықтар өміріндегі жылқының
маңызды болғанын анық көрсетті. 4. Қыш құмыра
бетіне салынған екі дөңгелек және жылқы суреті,
олардың жылқыны көлік ретінде қолданғанын көр-
сетеді. 5. Тұрақтың жасы шамамен бұдан 5 мың жыл-
дай бұрынғы уақытқа жатады. Бұл уақыт – адамның
жануарларды қолға үйретуі қарқынды жүріп жатқан
кезі. 1994 жылдан бастап, ағылшын, неміс ғалымда-
рының жылқы сүйектеріне жүргізген остеологиялық
зерттеулерінің қорытындысы ботайлықтардың ауыз-
дықты қолданғанын және жылқы сүтін тағам ретінде
тұтынғанын көрсетті. Оқушылар берілген жауаптар-
дан басқа да дәлелді себептер келтірсе, жауаптарын
қабылдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: