5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет43/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

болуы (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді сипаттау
5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық 
салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Тірек сөздер
теселі егіншілік 
тайпа
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
І том. – Алматы: Атамұра. 2010.
Оқулық: Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы, 
30-31-бет.
Зерттеу сұрағы:
Қазақстан жерінде металды 
өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? 
Сабаққа дайындық
Венн диаграммасы сызылған бірнеше ватман 
дайындап қойыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Қазіргі кезде Орталық Қазақстан бойынша Ата-
су, Бұғылы, Беғазы-Дәндібай қоныстары; Шығыс 
Қазақстанда Қанай, Малокрасноярка қоныстары; 
Солтүстік Қазақстанда Петровка, Боголюбов қоныс- 
тары; Жетісуда Тамғалы шатқалы мен Батыс 
Қазақстан да Тастыбұтақ қорымы жақсы зерттелген. 
Табылған олжалардың ерекшеліктері мынадай: Ор-
талық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер 
тастан салынып, пирамидаға ұқсас күрделі құрылыс 
әдістері қолданылған. Шығыс Қазақстандағы қо-
ныстардан металл құятын шеберханалар табылды. 
Бұл аймақта ежелгі металл қорытатын орталықтар 
болғандығын білеміз. Жетісудағы Тамғалы шатқа-
лынан жартасқа салынған қола дәуіріндегі тайпа-
лардың дүниетанымынан хабар беретін ғажайып 
суреттер табылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 
қорымындағы жерлеу дәстүрінің өз ерекшелігі бар. 
Қабірлерден біз, моншақ сияқты әйелдер қолданған 
заттар табылған. Орталық Қазақстандағы құрылыс- 
тардың ірілігі, обалардың биік болуы мұнда дәу-
летті адамдардың жерленуімен байланысты болуы 
мүмкін деген тұжырым бар. Қола дәуірінде қоғамда 
мәртебесі жоғары адамдарды ерекше жерлеген. 
Құрылыста тасты қолдану осы аймақта тастың көпті-
гімен байланысты. Қанай және Малокрасноярка кен 
алынатын орталық болған, яғни шеберханалар кен 
орнына жақын орналасқан. Тамғалы жартастарын-
дағы суреттер қола дәуірі адамдарының өмірі, өнері, 
діни нанымдары, қоршаған орта туралы ойлары 
туралы ақпарат береді. Тастыбұтақ қорымынан та-
былған олжалар мен жерлеу орындары қола дәуірі 
адамдарының жерлеу дәстүрі туралы білуге көмек-
теседі. Қола дәуірінде мал шаруашылығымен қатар 
егіншілік те дамыды. Усть-Нарым қонысынан та-
былған орақтар осы аймақта егіншіліктің болғанын 
көрсетеді. Қола дәуірінің басында егіншілікте тастан 
және бұғы мүйізінен жасалған теселер қолданылған. 
Кейінгі қола дәуірінде кетпендер пайда болған. Тас- 
тан дәнді дақылдарды үгітетін құралдар: келі, кел-
сап, түйгіш, тоқпақшалар жасалған. Сонымен қатар 
қоныстардан қола және мыс орақтар, қола шалғы-
лар табылды (Шағалалы қонысы). Егіншілік мал 
шаруашылығымен салыстырғанда қосалқы рөл 
атқарған. Қола дәуірінде рулық құрылыс ыдырап, 
мүлік теңсіздігі пайда болды. Қорымдарды зертте-
ген археологтар жерлеу заттарына қарай қоғамда 
мүлік теңсіздігі болғанын айтады. Мал санының өсуі 
азық-түлік өнімдері мен шикізат-ет, сүт, тері, жүннің 
көбеюіне әкелді. Артық шикізаттан қор жиналып, 
өнім айырбасы туындады. Мыс, қалайы құймалары 
кен орындары жоқ аймақтарға тасылды. Жылқының 
көлік ретінде маңызы артты. Мүлік теңсіздігінің қа-
лыптасуы қақтығыстарды тудырды. Мал басының 
көбеюі жаңа жерлерді игеруге қажеттілікті тудыр-
ды. Қола дәуірі тайпалары арасында жер үшін, мүлік 
үшін (тағы басқа себептер болуы мүмкін) қақтығыс- 
тар мен соғыстар туындаған. Қола дәуіріне жататын 
қоныстардан қару-жарақтардың көптеп табылуы 
осындай тұжырымға алып келеді. Осы сабаққа қа-
тысты толық ақпараттарды "Қазақстан тарихы. Көне 
заманнан бүгінге дейін". І том. – Алматы: Атамұра. 
2010." кітабының 114–116-беттерінен алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет