5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет46/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.6.
Андронов және Беғазы-Дәндібай
мәдениеттері (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене 
отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай 
мәдениеттерінің белгілерін анықтау.
Тірек сөздер
Андронов мәдениеті
жертөле
абыз
кремация
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.
І том. – Алматы: Атамұра. 2010.
2. Марғұлан Ә. Х. "Беғазы-Дәндібай мәдениеті".
– Алматы, 1988. 
Оқулық: Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері, 
32-33-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
Қазақстандағы қола дәуірі 
ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар? 
Сабаққа дайындық
Сабақ басталғанға дейін Қазақстанның солтүстік, 
батыс, орталық, оңтүстік аймақтарынан және Жеті-
судан табылған қола дәуірі артефактілерінің сурет-
тері жабыстырылған кестені ватманда дайындаңыз 
немесе мұны ақпараттық органайзер деп атаңыз. 
Төрт топқа жеткілікті флипчарт дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген 
адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымын-
да «Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мә-
дениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» де-
ген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік 
Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. 
Бүгінгі таңда Андронов мәдениетінің өте кең та-
ралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойын-
ша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі 
аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орман-
ды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың 
төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, 
Ферғанаға дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамы-
на Қазақстан жері түгелімен кіреді. Олардың қоныс- 
тарынан табылған олжаларға назар аударсақ, мал 
бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шару-
ашылығының сипаты тән. Солтүстік Қазақстандағы 
андронов мәдениетіне жататын қоныстардың жақ-
сы зерттелгендері Петровка, Боголюбов, Алексеев 
қоныстары мен Тастыбұтақ қорымы.
 
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Таңбалы, Қара-
тау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы, Сыр- 
дарияның төменгі жағынан Арал аймағындағы Тү-
гіскен кесенесі зерттелді. Андронов мәдениеті өкіл-
дері дала өзендерінің жағаларына егін, бау-бақша 
салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыра-
лар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ор-
тақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен 
тас кетпендер. Мал өсіру маңызды рөл атқарды. 
Олар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді. Ерте 
және орта қола кезеңдерінде андроновшылар оты-
рықшы болды. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде 
жайылым тез тозған. Соған байланысты көктем, жаз 
айларында ер адамдар малды алыс жайылымдарға 
бағып, жайлауға көшу әдісі қолданыла бастады. 
Қола дəуірінің тайпалары табиғат күштеріне та-
бынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе 
оңтүстік-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқы-
зылған. Бұл жер-ана құшағына барған сəби қалпын-
дағы адам түсінігін берген. Ерте қола дəуірінде жер-
леу салтында кремация, яғни мəйітті өртеу басым 
болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын 
байқаймыз. Үй құрылысы да құрбандық шалудан 
басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не 
бағлан шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болған соң, 
құмыралар мен сүйектер болашақ үйдің ошағының 
басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үй-
дің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құр-
меттелген. Осы сабаққа қатысты толық ақпараттар-
ды "Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін".
І том. – Алматы Атамұра. 2010." кітабының 128-152- 
беттерден алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет