Себебін табыңдар Қоғамда орын алған негізгі өзгерісті анықтап,
оның себептерін түсіндіріңіз. Алдымен, оқушылар
қола дәуірінде қоғамда орын алған өзгерістерді
анықтап алулары тиіс. Содан оның себептерін түсін-
діріп, мысалдар келтіруі қажет.
Жауаптары. Қола дәуірінде орын алған негізгі
үш өзгеріс: 1) өнім өндіру артты; 2) ер адамдардың
қоғамдағы рөлі артты; 3) әлеуметтік теңсіздік пайда
болды. Бұл мынадай себептермен түсіндіріледі: 1)
металл өндірісі шаруашылықтың тез дамуына әсер
етті; 2) кенді өндіру және оны қорыту, еңбек құрал-
дарын жасау, малды бағу, егін егу ер адамдардың
күшін талап етті; 3) мал санының өсуіне байланысты
тайпа ішіндегі кейбір адамдарда артық өнім көбейіп,
қор жиналды.
Салыстырыңдар Оқушылар Венн диаграммасы арқылы қола
және тас дәуіріндегі адамдар өмірін салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай-
ды. Тапсырманы топта орындатқызуға болады. Ал-
дымен, оқушылар ұқсастықтарын іздеп, содан ай-
ырмашылықтарын анықтайды. Соңында топтар
бірлесіп, қорытынды шығарады.
Жауаптары. Қола дәуірінің тас дәуірінен айыр-
машылықтары:
1. Металл өндіруді білді. 2. Еңбек құралдарын
қоладан жасады. 3. Теселі егіншілікпен айналысты,
мал бағудың әдістерін дамытты (бақташылық, жай-
ылымдарды ауыстыру). 4. Өз өнімдерін тұтынды, яғни
мал өнімдерінен киім тоқып, аяқ киім тікті. 5. Зергер-
лік кәсіп пен тоқымашылық кәсіпті қалыптастырды.
6. Ағаш пен тасты қолданып, баспаналар салды.
7. Отбасылық меншікті қалыптастырды.
Бағалау мүмкіндіктері Сабақ барысында қолданылған барлық тапсыр-
маларды ұйымдастыру кезінде оқушыларды бағалау
мүмкіндіктері бар. Бағалау барысында оқушының
білімі мен дағдысын дамытуға бағыт-бағдар беретін
кері байланыс ұсыныңыз.