1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
33
Сипаттама беріңдер
Төрт топқа Қазақстанның солтүстігінен, орта-
лығынан,
батысынан, Жетісудан табылған археоло-
гиялық олжалардың фотосуреттері жабыстырылған
кестені ұсынып, олардың
негізінде Қазақстан ай-
мақтарындағы Андронов мәдениетін сипаттауды
тапсырыңыз. Сипаттау барысында: "Бұл қандай зат?
Кімдер қолданған? Не үшін қолданылуы мүмкін?
Неден жасалған?" –
деген сұрақтарға жауап беру
арқылы қорытынды жасауға болатынын түсіндіріңіз.
Жауаптары.
1-суретте Қазақстанда табылған ан-
дронов мәдениетінің артефактілері берілген. Қыш
ыдыстың сырты ромб тәріздес геометриялық сы-
зықтармен безендірілген. Ыдыс өте үлкен.
Жақсы
сақталғанына қарағанда, өте сапалы жасалған. Қыш
құмыраны қола дәуірі адамдары азық-түліктерін
сақтауға қолданған. Осы артефакт арқылы қола
дәуірінде Қазақстанда
қыш құмыралар жасаудың
жақсы дамығанын білеміз. 2-суретте Балқаштың сол-
түстігінен табылған моншақ пен білезіктер берілген.
Бұл әшекейлер қоладан жасалған. Әшекейлерді әй-
елдер таққан. Білезіктердің екі шеті мүйізге ұқсайды.
Балқаштың солтүстігінде металлургия орталықтары-
ның болуы зергерлік кәсіптің дамуына ықпал етті.
Қостанай маңындағы Алексеев қонысынан табылған
білезікке ұқсас әшекей, жүзік, түймелер мыстан жа-
салған. Бұл суреттен қола дәуіріндегі адамдар әше-
кей бұйымдар тағып жүргенін аңғаруға болады.
Жетісудағы Тамғалы петроглифтеріндегі бейнелер-
ге қарап, қола дәуіріндегі Андронов тайпаларының
өмірінде мал шаруашылығы
маңызды болғанын
білеміз. Сонымен қатар оларда бейнелеу өнері қа-
лыптасқанын, жартастарға салынған суреттерінен
білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: