Жауаптары. Ауа райы өзгеріп, өзен-көлдер тар-
тылып, құрғақшылық белең алды. Еккен егін өнім
бермеді. Мал басы көбейді. Қазақстанның аумақта-
рында климаттық жағдайдың әртүрлілігі салда-
рынан көшпелілердің басты кәсібі көшпелі мал ша-
руашылығы болды. Жаңа жайылымдық жер қажет
болды. Мал өнімдеріне сұраныс артты.
Дәлелдеңдер Тапсырманы кестені толтыру арқылы орында-
тыңыз. Бұл кестеде төрт түлік малдың қайсысы
көшпелі өмір салтына тиімді болып келетіні туралы
дәйектер ұсынылады. Оқушылар алдымен беріл-
ген тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп,
жеке жұмыс жасайды. Бұл тапсырмаға 10 минут
уақыт беріңіз. Уақыт жетпеген жағдайда тағы 2 ми-
нут қосыңыз. Содан кейін сыныптасымен жұптасып
талқылауы керек. Осы арқылы олар бір-бірінің кес-
телерін салыстырып, толықтырып, пікір алмасады.
Одан кейін келесі оқушымен жұптасып талқылайды.
Сабақ соңында мұғалім тақтаға ортақ кесте құрас-
тырады. Әр жұп өз ұсыныстарын айтады. Кестені
толтыру барысында оқушылардың пікірлерін дәлел
келтіру арқылы жеткізу керек екендігін айтыңыз. Қа-
жет болған жағдайда сыныптық талқылау ұйымдас-
тырыңыз. Оқушылар ортақ шешімге келген кезде,
нақты жауапты кестеге жазыңыз.
Жауаптары Малдың түрі
Тиімділігі
• Жылқы
• Қой
• Түйе
• Сиыр
• Көлік ретінде
қолданылады; сүті,
еті пайдаланылады;
тебіндей алады
• Сүті, терісі,
жүні пайдаланыла-
ды; тебіндей алады;
шөп талғамайды;
ауыр жүк көтереді
Бағалау мүмкіндіктері • Оқушылардың оқу, тыңдау, жатқа жаздыру,
есте сақтау дағдыларын дамыту, топтарда кезекпен
ынтымақтастықта жұмыс жасау, қарым-қатынас дағ-
дыларын оңтайлы қолданып бағалауға болады.
• Жаңа сабақ бойынша оқушылардың меңгер-
ген мәліметтерін бағалау мүмкіндіктері: «Себебін
табайық», «көшпелі мал шаруашылығының тиімділі-
гін дәлелдейік» тапсырмалары бойынша оқушы-
лар мәтінді талдап, сұраққа нақты жауап іздейді.
Мәтіндегі сөйлемдерді маңыздылығы бойынша
орналастыра алады, көшпелі өмір салтының қа-
лыптасуының кем дегенде екі себебін сипаттайды,
көшпелілердің асыраған төрт түлік малын анықтай-
ды, төрт түлік малдың пайдасына кем дегенде екі
дәлел келтіреді, көшпелі мал шаруашылығының
қалыптасуы туралы өзіндік ой-қорытынды шыға-
рады. Алдыңғы сабақтағы алған білімдерімен жаңа
сабақты байланыстыру арқылы нақты шешім қабыл-
дайды. Сынып оқушыларына топтық және өзін-өзі
бағалау критерийлерін құрастыруды тапсырыңыз.
Критерийлер арқылы оқушылардың өзін-өзі және
бір-бірін бағалау мүмкіндігі болады. Сабақ бары-
сындағы іс-әрекеттер топтық жұмыспен жүргізіл-
гендіктен, оқушыларға топтық бағалау кестесін ұсы-
ныңыз.