5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет84/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер 
Бұл сабақта оқушылар көшпелі мал шаруа шы-
лы ғы мен және оның түрлерімен танысады. Сабақ 
"себеп-салдар" концептілерінің негізінде құрасты-
рылған. Оқушылар себеп-салдар байла-нысын 
анықтап, сабақта алған ақпарат негізінде өз көзқа-
растарын білдіреді. Олар көшпенді өмірдің мәнін 
түсінеді. Деректер мен ресурстарды пайдалана оты-
рып, сұрақтарға жауап беруді үйренеді. Сонымен 
қатар көшпелілердің төрт түлік малды неліктен 
таңдап алғанын білетін болады. Бірлесе жұмыс істеу 
нәтижесінде тұжырым жасауға дағдыланады. Оқу-
лықтағы материалдар көшпелі мал шаруашылығы-
ның түрлерін анықтауға бағытталып, шаруашылық 
туралы түсініктерін кеңейтеді. Топтық, жұптық, жеке 
жұмыс жасау арқылы өз белсенділіктерін барынша 
танытады. Картамен жұмыс дағдысы қалыптасады. 
Оқушылар деректер мен ресурстардың көмегімен 
тапсырмаларды орындап, көшпелі мал шаруа шы-
лы ғы түрлерін анықтайды. 
«Ереуіл» миға шабуылы
Сынып оқушыларына «Көшпелі мал шаруа-
шылығының дамуының себебі неде?» деген сұрақты 
қойыңыз. Оқушыларға стикер немесе парақ таратып 
беріңіз. Олар стикерге сұрақ бойынша өз идеяларын 


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
55
жазып, сыныпты аралап жүріп, басқа оқушылармен 
өз идеяларымен бөлісуін сұраңыз. Шынайы 
"ереуіл атмосферасы" болу үшін оқушылардың өз 
тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтуына 
болады. Бұл тапсырма оқушылардың сабаққа 
қызығушылықтарын арттырады.
Жыл мезгілдерін сәйкестендіріңдер 
Тапсырма топтық жұмыс арқылы жүзеге асыры-
лады. Сынып оқушыларын 4 топқа топтастырып, әр 
оқушыны 1, 2, 3, 4 деп нөмірлеп алыңыз. Топтасқан 
оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады. Топтағы 
оқушылар өзара келісіп, төрт маусымды бөліп ала-
ды. Әр оқушы өз нөміріне байланысты маусым ту-
ралы ақпаратты суретпен сәйкестендіріп, ақпарат 
жинақтайды. Барлық сыныпқа сұрақ қойып, кез 
келген нөмірді атаңыз. Бұл жерде шапшаңдық қа-
жет. №3 оқушы жауап берген соң, келесі топтағы 
№3 оқушы оның жауабын жалғастырып, толықты-
руы керек. Бірінші дұрыс жауап берген оқушының 
тобына ұпай беріп отырыңыз. Көп ұпай жинаған 
топ жеңімпаз болады. Оқушылар жыл мезгілдері-
не байланысты жайылым атауларын анықтайды. 
Көшпелілердің жыл мезгілдерінде көшу себебін 
түсіндіреді. Мұғалім сұрақтарды құрастыру үшін, 
оқулықта берілген сұрақтарды басшылыққа алуы 
тиіс. Бұл стратегия оқушылардың сыни тұрғыда ой-
лау, көшбасшылық дағдыларын дамытады және са-
баққа қызығушылықтарын арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет