5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет79/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Неге? Неге? Неге?
Бұл сұрақтар тақырыптың түйінді идеяларын ой 
елегінен өткізуге және рефлексиялық ойлауды да-
мытуға арналған. Оқушылар шеңберге тұрады. Бір 
спикер осы сабақта не үйренгенін айтады және 
сөйлемін «Неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі 
оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «Неге?» 
деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы 
әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ой-
ынның соңында барлық үйренушілер орындалған 
тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді 
идеяларының байланысын түсінеді. 
Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын қалыпта-
стыру, талдау жасай білу, салыстыру дағдысын дамы-
ту қажет. Олардың жаңа сабақты қалай меңгергенін 
арнайы бағалау критерийлері арқылы анықтауға 
болады. Оқушылар оқу мақсатына байланысты 
«Өзгерістерді анықтайық», «Әшекейлер көрмесі» 
тапсырмаларын орындауда оқулықтағы ақпараттар-
ды қолданады. Олар темір дәуірінде орын алған кем 
дегенде үш өзгерісті анықтайды; зергерлік өнердің 
қола дәуірінде қалыптасып, темір дәуірінде дамыға-
нын түсіндіреді, темір өндіру адам өмірін қанша-
лықты өзгерткеніне өзіндік ой-қорытынды шығара-
ды. Сабақ барысында оқушыларға өз-өзін, жұптық 
және топтық бағалау критерийлерін ұсыныңыз. Мы-
салы, топтық жұмысты бағалау үшін сынып оқушы-
ларына кесте беріңіз. Кестеде сыныптағы топ санына 
байланысты бағана беріліп, әр бағанаға топтың аты 
жазылады. Оқушы топтың аты жазылған бағанаға 
сол топ спикерінің айтқан мәліметтерін жазып алып 
отырады. Бұл кесте оқушылардың жұмысты жүйелі 
орындап, топтық жұмысты бағалауына мүмкіндік 
береді.
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға темір туралы ақпараттар жинақта-
уға тапсырма беріңіз. «Еліміздің қай аймақтарында 
темір өндіріледі? Қазіргі уақытта темірден қандай 
заттар жасалады? Сен қолданатын заттардың ішін-
де темір бар ма?» – деген қосымша сұрақтар беру 
арқылы білімін кеңейтуге болады. Сонымен қа-
тар кестемен жұмыс тапсыруға болады. Парақтың 
бетін екі бөлікке бөліп, бірінші бөлікке «Өзгерді» 
деп жазыңыз. Екінші бөлігіне «Өзгермеді» деп жа-
зып, әр бөлікке кем дегенде екі дәлелдеме келтіруді 
сұраңыз. Бұл тапсырма оқушылардың алған білімін 
негіздеуге бағытталады.


52
2-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет