Жауаптары. Жаз мезгілі – төрт түлік малдың са-
уылып, ақтың көбейген кезі. Сонымен қатар алыс-
жақын жерлердегі ру-тайпалар бір-бірлерімен
кедергісіз байланысып, қыстың қамы мен жаңа жай-
ылымдық жер мәселелерін шешетін уақыт. Күз мез-
гілінде мал семіріп, көшпелілер қыстық ас қамына
кіріседі. Көшпелілер қардың ерте түсуінен сақтанып,
күзгі жайылымға көше бастайды. Қыс мезгілінде
жерге тоң түсіп, байланысу қиынға соқты. Олар ерте
төлдейтін малдарды қыстауға жақын жайылымдар-
да бағады. Көктем мезгілінде көшпелілер жаңа
жайылымға көшеді. Төрт түлік мал төлдеп, жан-
сыз табиғат ояна бастайды. Ақ көбейіп, мал оңала
бастайды. Көшпелілер мал жайылымы үшін жылдың
төрт мезгілінде көшіп-қонып жүрген.
Картамен жұмыс Бұл тапсырманы орындау үшін екі оқушы бір-
лесіп, жұмыс жасайды. Бір-бірімен пікір алмасу
арқылы ойларын толықтырып, тапсырманы талқы-
лайды. Нәтижесінде ортақ шешімге келеді. Оларға
«Көшпелілерде шаруашылықтың қандай түрлері
қалыптасты?» деген мәтінді оқуды тапсырыңыз. Ке-
скін карталарды үлестіріп беріңіз. Картаны жұмыс
дәптерінің жаңа бетіне желімдеп қою керек екенді-
гін тапсырыңыз. Оқушылар шаруашылық түрлерінің
дамыған аймақтарын картадан белгілеп, осы ай-
мақтарда төрт түлік малдың қандай түрлері басым
өсірілгенін анықтайды. Жұптасып талқылағаннан
кейін, келесі жұппен бірігіп, төрт оқушы болып
талқылайды. Осылай оқушылар ортақ шешімге ке-
леді. Мұғалім дайындап қойған төрт түлік малдың
суреттерін тиісті аймақтарға желімдеп жапсырады.
Жауаптары. Батыс және Орталық Қазақстан-
да көшпелі мал шаруашылығы кең таралып, қой,
жылқы, түйе өсірілді. Себебі ауа райы салқын,
өзен-көлдері көп, шөбі шүйгін болды. Жаз айларын-
да шыбын-шіркей аз болады. Бұл малдар тебіндеп
жайылатын. Ауа райы қар астынан шөпті тебіндеп
жеуге ыңғайлы болды.
Шығыс Қазақстан мен Жетісуда жартылай көшпелі
мал шаруашылығы дамып, қой, жылқы, сиыр өсіріл-
ді. Қосымша егіншілікпен айналысты. Оңтүстік Қа-
зақстанда отырықшы мал шаруашылығы дамыды.
Себебі қыс кеш түсіп, қар тез еріп кетеді. Олар қой,
жылқы, сиыр малдарын өсірді, егіншілікпен де ай-
налысты.