5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет86/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері 
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын 
арттыруға бағытталған «Жыл мезгілдерін сәйкес-
тендір», 
«Картамен 
жұмыс» 
тапсырмалары 
бойынша алған білімдерін негіздеуге болады. 
Оқушы: сурет пен жыл мезгілдерінің кем дегенде 
екеуін сәйкестендіреді, жайылымдардың кем 
дегенде екеуін дұрыс атайды, көшпелілердің жыл 
мезгілдерінде көшу себебіне кем дегенде екі 
дәлел келтіріп түсіндіреді. Қазақстан аумағында 
дамыған шаруашылық түрлерін анықтайды
картадан кем дегенде екі шаруашылық түрлерінің 
дамыған аймақтарын белгілеп көрсетеді, Қазақстан 
аймақтарындағы табиғат ерекшеліктеріне бейім-
делген малдың түрлерін анықтап, оның кем дегенде 
екі себебін түсіндіреді. Алдыңғы сабақты жаңа 
сабақпен байланыстырып, өз ойларын негіздейді. 
Сабақта оқушылар топтық, жұптық жұмысты және 
өзін арнайы құрастырылған критерийлер бойынша 
бағалайды. 
Мұндай 
бағалау 
критерийлерін 
оқушылардың өздеріне құрастыруды тапсырыңыз.
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға қазіргі шаруашылық түрлері туралы 
ақпарат жинақтау ұсынылады. Олар өздері тұра-
тын өңірде шаруашылықтың қандай түрі дамыға-
нын анықтайды. Сонымен қатар қазіргі үй шару-
ашылығындағы жануарлардың түрін бұрынғымен 
салыстырып, өзгерістерді баяндайды.


56
2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
2.3.
Ежелгі көшпелілердің материалдық
мәдениеті (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнерінің 
ерекшеліктерін сипаттау;
5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан 
үлесін білу.
Тірек сөздер
киіз үй
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дей-
ін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Қазақстан тарихы. (Очерктер). – Алматы: 
Дәуір, 1994. 
3. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы 
мен мәдениеті. – Алматы: Алматыкітап, 2012. 
4. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері 
мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Атамұра. 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет