5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет88/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақ "маңыздылық" концептісінің негізін-
де құрастырылған. Оқушылар сабақ барысында 
көшпелілер баспанасының ерекшелігімен танысып, 
маңыздылығына баға береді. Олардың түрлерін 
және даму үдерісін анықтайды. Өзіндік ой-пікірлерін 
айтып, қорытынды жасауға дағдыланады. Жеке, жұп-
тық, топтық жұмыс жасау арқылы, ортақ шешім қа-
былдап, өзгелердің ойын құрметтеуді үйренеді. 
Суретті сипаттаңдар
Осы тапсырмаға байланысты оқулықтағы суретті 
басшылыққа алып жұмыс жасаңыз. Оқушылар су-
реттегі көргендерін сыныптастарымен талқылап, өз 
ойларын сөйлем құрау арқылы жеткізеді. Немесе сы-
нып оқушыларын шағын топтарға бөліп, әр тарихи 
кезеңдегі баспана түрлерінің суреттерін ұсыныңыз. 
Оқушылар суреттерді "кеше", "бүгін" деп екі топқа 
бөлетін болсын. Суреттерді топтастыруға 2-3 минут 
уақыт беріңіз. Берілген уақыт ішінде балалар тапсыр-
маны орындауы тиіс. Әр топ өз пікірлерін айтқан соң, 
сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты таныстырыла-
ды.


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
57
Жауаптары. 
Кеше: тас үңгір, күрке, қос, лашық, қа-
раша үй, киіз үй; бүгін: қос қабатты үйлер, коттедж, жер 
үй, киіз үй.
Анықтаңдар
Оқушылар оқулықтан «көшпелілер баспанасының 
ерекшелігі неде?» деген тақырыпты оқуды сұраңыз. 
Мәтінді оқуға арнайы уақыт беріңіз. Қажет болған 
жағдайда қосымша уақыт бөліп, ИНСЕРТ кестесімен 
жұмыс жасауды тапсырыңыз. Оқушыларды алдымен 
кестемен жұмыс жасау талаптарымен таныстырыңыз. 
Төмендегі кестенің бағаналарында қажетті талаптар 
берілген. 
«V»
Бұрыннан
білемін
« +»
Жаңа 
ақпарат
«-»
Менің 
ойлағаныма 
кереғар, 
қайшы
«?»
«Келісе 
алмаймын.
Білгім 
келеді»
Оқушылар 
мәтінде 
кездескен 
бұрыннан 
білетін 
мәліметтерді 
келтіреді.
Мұнда-
оқушылар 
осы мәтін 
бойынша 
жаңадан 
алған ақпа-
раттарын 
жазады.
Мұнда 
оқушылар 
бұрынғы 
білімдері-
не қара-
ма-қайшы 
мәліметтерді 
келтіреді 
(мен бұрын 
басқаша ой-
лайтынмын, 
сөйтсем 
олай болмай 
шықты ...»).
Бұл бағанада 
оқушылар 
өздері 
келіспейтін 
немесе 
түсініксіз 
болған, тағы 
да білгісі 
келетін 
мәтіннің 
деректерін 
жазады.
Жұмыс аяқталған соң, оқушыларға өз жұмыстарын 
оқытып, сыныптық талқылау ұйымдастарыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет