17
ОРАЗАНЫ БҰЗАТЫН ЖӘНЕ БҰЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ:
Қандай жағдайда оразаның қазасы ғана өтелуі
тиіс?
Жауап:
Төмендегі жағдайларда
оразаның тек қазасын
өтеу міндеттеледі. Олар:
1.
Ораза екенін білетін адам дәрет алып жатқанда немесе
басқа себептермен тамағынан байқаусызда судың кіріп
кетуі;
2.
Ұйқыдағы
адамға су ішкізу;
3.
Ауыр жұмыста жүріп науқастанып қалу жағдайында
немесе сенімді мұсылман дәрігердің сөзіне сүйеніп
яки өз басынан өткізген тәжірбиесіне сүйене отырып,
«денсаулығыма зиян тиеді»
деп оразасын бұзу;
4.
Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам бұзылды»
деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру;
5.
Түнде ниет ете алмай күндіз ниеттенген адамның бұған
көңілі
толмай ішіп-жеуі;
6.
Түнде оразаға ниет етіп, бірақ таңертең сапарға шығып,
жолда оразасын бұзатын болса;
7.
Түнде ораза ұстауға ниет
еткен жолаушының тұрғын
болуға ниеттенгеннен кейін ас жеуі.
Сұрақ:__Қандай_жағдайлар_қаза,_әрі_кәффаратты_қажет_етеді_Жауап'>Сұрақ:
Қандай жағдайлар қаза, әрі кәффаратты қажет
етеді?
Жауап:
Ораза кезінде әдейі ішіп-жеу және жұбайымен
жақындасу оразаның қазасын
әрі кәффаратын өтеуді
міндеттейді.
Сұрақ:
Байқаусызда тас жұтып қойса ораза бұзыла ма?
Жауап:
Байқаусызда тас (тағы сол сияқты зат)
жұтып
қойса, ораза бұзылады. Оған бір күн қазасын өтеу қажет.
18
Әдейі жұтса да бір күн қазасын өтеу керек. Себебі, тас
сияқты заттар азық болып табылмайды. Сонымен бірге
әдейі бұзғаны үшін күнәға қалады.
Достарыңызбен бөлісу: