151
2847 кДж энергия бөлініп шығады. Адам ағзасында да дəл осын-
дай реакция өтеді.
Бірақ энергия бірден емес, біртіндеп бөлінеді.
Бұл энергияның бір бөлігі химиялық универсалды энергия нук-
леозидтрифосфаттарға (НТФ) - АТФ, ГТФ, ЦТФ, ТТФ, УТФ ай-
налады, олар тірі ағзаның əртүрлі процестеріне қатысады. Ал
энергияның
қалған бөлігі, жылу түрінде бөлініп, дене температу-
расын бірқалыпты сақтап тұруға жұмсалады.
Нуклеозидтрифосфаттардың басқа қосылыстардан үлкен
ерекшелігі - олардың молекулаларындағы фосфор қышқылының
қалдықтары шамамен 30 - 40
кДж энергия бөледі, ағза бұл энер-
гияны пайдаланады.
Тірі ағзаның биоэнергетикасында 2 моменттің маңызы зор:
1) Түзілген АТФ молекуласында химиялық энергия қор ре-
тінде жинақталуы.
2) АТФ-тің ыдырау кезінде жинақталған энергия түрлі про-
цестерге жұмсалуы. (19-сурет).
19-сурет.
Жасушада
АТФ-тың алмасуы
(Оң жақта энергия жұмсалуын қажет ететін процестер, сол
жақта табиғатта АТФ-ты, АДФ-ты
фосфорилдеу жолымен син-
тездеу түрлері)
152
АТФ-тың биоэнергетикадағы рөлін оның құрылысымен тү-
сіндіруге болады.
АТФ молекуласында екі пирофосфатты байланыс бар. Гидро-
лиз кезінде бұл байланыстар үзіліп, энергия бөледі. Шамамен
30 кДж/моль астам энергия бөліп
шығаратын байланыстарды
макроэргиялық байланыстар деп атайды, ондай байланысы бар
қосылыстарды макроэргиялық қосылыстар дейді.
Əмбебап химиялық энергия
көзі болып табылатын нуклео-
зидтрифосфаттардың ішіндегі ең маңыздысы АТФ деп қарауға
болады. Жасушада АТФ қор ретінде түзілмейді, сондықтан қажет
болған жағдайда əрдайым қайта синтезделіп отырады.
Қайта
синтезделуі АТФ-тың ресинтезі деп аталады.
Метаболизмнің катаболикалық фазасында күрделі орга ника-
лық заттар (көмірсулар, майлар жəне белоктар) ферментативті
жолмен ыдырайды. Ыдыраудың жеке сатыларын
катализдейтін
ферменттер мен ыдырау барысында түзілетін əртүрлі аралық
өнімдер жақсы зерттелген.
Қоректік заттар катаболизмінің негізгі үш сатысын қосып
есептегенде, энергия алмасу төрт сатыдан тұрады.
1-ші сатысы. Күрделі заттардың
арнайы жолдармен ыдырап,
универсалды аралық өнімдерге айналуы.
2-ші сатысы. Үшкарбон қышқылының циклі (ҮҚЦ).
3-ші сатысы. Биологиялық тотығу (БТ).
4-ші сатысы. Тотыға фосфорлану (ТФ).
Достарыңызбен бөлісу: