Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет72/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

22. тРНҚ-ның екінші реттік құрылымы:
А) сызықты болып келеді
Ə) беде жапырағы тəрізді
Б) қос спиральді
В) бірнеше суббөліктерден тұрады
Г) «Г» əріпіне ұқсас
23. Комплементарлық негіздер дегеніміз:
А) жұп құрап сутек байланыстарымен үйлесетін негіздер
Ə) минорлы негіздер
Б) молекулаларының спиральдік формасы тұрақты негіздер
В) кері параллельді негіздер
Г) параллельді негіздер


147
VI. ТІРІ АҒЗАДАҒЫ ЗАТТАР АЛМАСУЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҒЫ
Барлық тірі ағзаға тəн белгі – зат алмасуы. Себебі заттар ал-
масуынсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан заттар ал-
масуы дегеніміз не екенін айтпай тұрып, тірі ағзаның тірі емес 
заттардан қандай айырмашылығы бар екендігіне тоқталуымыз 
керек.
Ең негізгі бірінші айырмашылығы - тірі ағзаның сапалық, 
сандық құрамы мен құрылымының өте күрделі болуы. Мысалы, 
кез келген машинаны немесе жансыз затты жеке бөлшектерге 
даралауға болады, ал ең қарапайым тірі ағзаны жеке бөлшектерге 
бөлсе, ол тіршілік ету қасиетін жояды. Бір түрге жататын тірі 
ағзаның əрқайсысының сапалық құрамы (əсіресе, белоктар) əр-
түрлі болады жəне тірі ағзаның құрамындағы заттар өздігінен 
жаңарып отырады. Заттар алмасуы дегеніміз – айналадағы орта-
дан келетін немесе ағзаның өзіндегі органикалық жəне органика-
лық емес заттардың химиялық өзгерістерінің жиынтығы. Басқа-
ша айтқанда, зат алмасуы - өздігінен жүретін жəне реттелетін 
процесс арқылы тірі ағзаның химиялық құрамының жаңалануы. 
Зат алмасуы тоқтаса, тіршілікте тоқтайды.
Зат алмасуы - физиологиялық, физикалық жəне химиялық 
процестерден тұрады.
Физиологиялық процесс кезінде сыртқы ортадан тірі ағзаға 
оған қажетті қоректік заттар: белок, көмірсу, майлар, су мен мине-
ралды заттар жəне т.б. енеді, ал ағзаға қажетсіз қайта пайдалануға 
келмейтін заттар - СО

, Н
2
О, NH
3
сыртқа шығарылады.
Физикалық процесс кезінде қорытылған заттар механикалық 
тұрғыдан ұнтақталады, сорбция, диффузия т.б. процестері жүреді. 
Химиялық процесті жасушадан тыс сыртқы алмасу жəне аралық 
(жасуша ішіндегі) алмасу деп бөледі.
Аралық алмасуды басқаша метаболизм деп атайды. Метабо-
лизм процестерін динамикалық биохимия зерттейді.
Метаболизм бір-біріне қарама-қарсы жəне өзара тығыз 
байланыстағы екі құбылыстан: анаболизм жəне катаболизмнен 


148
тұрады. Анаболизм (ассимиляция) дегеніміз - қарапайым зат-
тардан сол ағзаға қажетті күрделі заттардың құрылуы немесе 
жаңа жасушалардың пайда болуы. Бұл құбылыста əрқашан қуат 
жұмсалады.
Катаболизм (диссимиляция) – тірі ағзадағы күрделі заттардың 
ыдырауы. Мысалы, көмірсулардың ыдырауы арқылы зат алма-
суының соңғы өнімдері: көмірқышқыл газы, су жəне қуат бө-
лінеді. Катаболизм құбылыстарының негізінде экзоэргиялық 
реакциялар жатады (бос энергияны кеміте отырып жүретін реак-
циялар). Алайда бұл екі құбылыс өте тығыз байланысты. Себебі 
анаболизм құбылысына қажет қуат катаболизм құбылысында 
бөлінсе, соңғы құбылыс үшін ыдырайтын күрделі заттар анабо-
лизм кезінде түзіледі. Сондықтан бұл екі құбылыс тірі ағзада бір-
бірінсіз жеке жүре алмайды.
Бұл екі құбылыстың арақатынасы ағзаның өмір сүру жо-
лында өзгеріп отырады. Егер жас баланың ағзасында анаболизм 
құбылысы басым болып, қосылыстар, əсіресе, құрылыс белок-
тары, ферменттер пайда болса, қартайған шақта ол заттардың 
мөлшері азаяды. Қалыпты жағдайда ересек адамдардың ағза-
сында бұл екі құбылыс тепе-тең жағдайда болады. Алайда олар-
дың арақатынасының өзгеруіне дене еңбегі, сыртқы ортаның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет