170
Нуклеаза ферменттерін субстраттың түріне қарай: рибону-
клеаза жəне дезоксирибонуклеаза деп те бөледі. Рибонуклеазалар
–
РНҚ молекуласының ыдырауын, ал дезоксирибонуклеаза ДНҚ
молекуласының ыдырауын тездетеді.
Мұндай бөліну шартты түрде ғана жүреді, қазіргі заманда
ДНҚ-ға да РНҚ-ға бірдей əсер ететін арнайы талғаушылық қасиет
жоқ эндо- жəне экзонуклеазалар да бар.
Нуклеин молекуласының
фосфодиэфирлі байланыстары-
на əсер ететін нуклеазалардың сипаты екі түрлі болып келеді:
бірінші түрі 3′-көміртек атомымен рибоза немесе дезоксирибоза
арасындағы күрделі фосфодиэфирлік байланысты (р-3′С - бай-
ланыс) гидролиздейді, ал екінші түрі 5′-көміртек
пен рибоза мен
дезоксирибозаның фосфодиэфирлік байланысын ыдыратады.
(Р-5′С - байланыс).
Р-5′С байланысты үзетін нуклеазаны 3′-нуклеаза деп, ал Р-3′С
байланысты үзетін нуклеазаны 5′ - нуклеаза деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: