1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады



Pdf көрінісі
бет214/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

деспоттық мемлекеттің концепциясын жасады
.
ЛИТУРГИЯ 
— шіркеу қызметінде көрініс тапқан діни мәдениет. Белгілі 
дәрежеде музыкалық мәдениетке де ықпалы бар. 
ЛОГИКА 
— адамның ойлау қабілетін қалыптастыруы жөніндегі ілім. 


362 
ЛОГОС
(гр. тіл. ауд. - лебіз, сөз, айтылым, пікір, ұғым, негіз, шама, өлшем) 
— ежелгі грек философиясына Гераклит енгізген философиялық (кейін 
теологиялық) ұғым. Гераклиттің ұғымынша, ол ғарыш патшалығына
үстемдік құратын және заң ретінде басқаратын жалпыға бірдей зерделі 
бастау. Осылай түсіндірілетін Логосты сәйкес сөздің үйреншікті 
мағынасынан ажырату үшін, Гераклит алғаш рет «осы аталған логос» деген 
сөйлемді қолданған. Басқаша айтқанда, бәрін жасаушы, бәрін қамтитын - 
Әлемдік Парасат
деген түсінік. 
ЛОГОЦЕНТРИЗМ 

 
рационалдылықтың классикалық типін сипаттайтын 
қағида, бұл жерде мәдениеттің өзегіне логикалық құрылымы бар ғылымға 
айналады, ал жан мен рухани әлемнің алуан түрлілігін білдіретін барлық 
феномендер екінші орынға ығыстырылады. Логоцентризм қағидасын бірінші 
болып 
Ф.Ницше
, ол философиялық парадигма өзгеретін дәуірді болжаған. 
ЛОКАЯТА 
— (Лока - «аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір». Ал көпшілік 
түрде – «адамдар, халық, адамзат», «осы дүниедегіні тарататын, жердегіге 
қамқорлық ету» деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа 
шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғұламаларын, ілімдерін 
сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты 
алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен 
кейін жан да өмір сүрмейді. Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, 
заттар махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от 
(агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл 
келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара 
байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде 
жоқ қасиет – сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін 
өмірге 
әкелген 
махабхуттарға 
бөлшектенеді, 
ал 
бөлшектенген 
махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал 
бақыттың өзі – ләззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ләззат пен қасірет 
байланысты, бірақ қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны 
толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз қолымызда. 
Табиғатты, әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт күш 
туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері 
арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нәзік) және дхурта 
(тұрпайы, дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет