364
МАТЕРИЯ
— алдымен ежелгі гректің, кейін бүкіл батысевропалық
философияның категориясы. Философияда материя формамен байланысты.
Материя қалай түсінілсе де, форма мен форманың
арақатынасын бұлайша
түсіну үрдісі бүкіл кейінгі батысевропалық философияға тән еді. Аристотель
философиясында да төрт себеп туралы ілім болған, олар – формальдық,
материалдық, мақсаттық және әрекеттік себептер.
Ағылшын философы
Т.Гоббс мақсаттық және формальдық себептерді алып тастайды да,
материалдық және қозғаушы себептерді біріктіріп, оларды табиғатқа қатысты
қолданады. Осылайша материямен ажырамастай
байланысты болатын
материя мен қозғалыстың категориялары пайда болды. Материяның аталған
түсінігін француз материалистері, Ф.Энгельс және В.Ленин қабылдайды
және ол диалектикалық материализмде орнығады.
Достарыңызбен бөлісу: