366
МЕХАНИЦИЗМ
— классикалық механика заңдарын дүниеқұрылымның
бірегей заңы деп мойындау, дүниенің механикалық бейнесін абсолюттендіру.
МИЛЕТ МЕКТЕБІ
(б.д.д.VIғ.) – Милет қаласынан шыққан ертедегі грек
философтарының ілімдерінің атауы. Негізгі өкілдері:
Фалес, Анаксимандр,
Анаксимен
. Милет қаласы Кіші Азиядағы ірі сауда-кәсіптік полис болған.
МИМАНСА
(кейбір мәселені ойлану және сыни талдау арқылы шешудің бір
жолы) — ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальді мектептердің бірі.
Джаймини
– негізін қалаған. Шамамен б.д.д. ІІ-ғасыр. Таным мәселесімен
айналысты.
Басқаша
айтқанда,
үнді
мәдениетінде
рәсім-салтты
жалғастырған, оған деген сенімді қалыптастырған философиялық мектеп.
МИН-ЦЗЯ
— ежелгі Қытайдағы атаулы философиялық мектептер (логиктер,
диалектиктер, софистер немесе бәстесуші – таласушылар).
МИСТИКА
(грекш. - құпия, нұрлану, Құдаймен рухани қатынаста болу) —
ырғақ пен күйлерге
тәуелді болатын дыбыстағы, мантрадағы, дуалардағы
мистикалық күштерді білуді айтады.
МИСТИЦИЗМ
(грекш. - сырлы, жұмбақ) —
білімнің объектісін жанмен
сезіну арқылы тура білуге болады дейтін діни–философиялық ілім.
Мистицизм дегеніміз құдаймен ешбір дәнекерсіз тура араласу тәжірибесі,
осы сезімнің қуанышы.
МИТРАИЗМ, МИТРА
— үнді–иран тілінде келісім немесе келіссөз дегенді
білдіреді, осыған орай екі жақ бір нәрсе туралы келісімге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: