373
ПЛУТОКРАТИЯ
— Дәулеттілердің (байлардың) билігі.
ПЛЮРАЛИЗМ
(лат. т. ауд. – көптік) — әлем көптеген өзара тәуелсіз және
біріне-бірі келтірілмейтін бастаулардан немесе
субстанциялардан құралады
дегенді айтатын философиялық бағыт. Бұл аталмыш терминді –
Х.Вольф
енгізген. Монизм мен дуализмге қарама-қарсы қойылады.
ПОТЕНЦИЯЛАУ
— Ф.Шеллинг натурфилософиясының категориясы.
ПОЗИТИВИЗМ
(лат. - «оң», «жағымды» - деген сөзінен шыққан) — XIXғ.
30-40ж.ж. пайда болған
философиялық бағыт
.
Ғылымды философияға
қарсы қоятын, философиялық мәселелерді теріске шығаратын,
тек арнайы,
«оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Оның негізін
қалаған –
Огюст Конт
.
ПОЛИТЕИЗМ
(грекш. – көп және Құдай, яғни көпқұдайлық) — көп
құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну.
Достарыңызбен бөлісу: