1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПРАДХАНА  — ең алғашқы себеп, кейде Пуруша үшін көру обьектісі де  болады.  ПРОТЕСТАНТИЗМ



Pdf көрінісі
бет230/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ПРАДХАНА 
ең алғашқы себеп, кейде Пуруша үшін көру обьектісі де 
болады. 
ПРОТЕСТАНТИЗМ
— христиан діннің бағыты. Оның негізгі идеясы әрбір 
діндар адам Құдаймен тікелей сұхбаттасуға, уағыздар айтуға, діни 
парыздарды атқаруға құқылы деп білуде (баршаның әулиелігі принципі). 
ПСИХОАНАЛИЗ 
— философия, психология, медицина, мәдениеттанудың 
арасынан шыққан пәнаралық ілім. Психоанализдің философиялық мәні оның 
мәдениеттің бейклассикалық парадигмасына қосқан үлесімен өлшенеді. 
Психоанализ шығыстық тәжірибие мойындайтын, ал батыс бейғылыми 
санайтын психиканың қабаттарын – бейсаналықтың құқығын қалпына 
келтіреді. Психоанализдің негізін австриялық ғалым 
Зигмунд Фрейд
қалаған. Ол бейсаналық нәрсенің құрылымын, оның санамен арақатынасын 
талдап, бейсаналықтың ерекше заңдылықтарын, оның символдық тілін 
анықтаған. Сол арқылы тек қана санаға бағытталып, оның логикасын 
сипаттаған батыстық дәстүр өзгертілді. Психоанализдің бүкіл мәдениет 
салаларына, әдебиет пен театрға да үлкен әсері болды. 
ПУРАНАЛАР 
(көне дәуір туралы әңгімелер) — І-ХХғ.ғ. дейінгі жиналған 
аңыз-әңгімелік және көптеген эпикалық шығармалар. Пуранның саны көп 
болса да, «Махабхарата» сияқты 18-басты атаулары бар. 
ПУРУША 
— космос алыбы, жасалған дүниенің космостық қайнары, 
алғашқы адам, барлық тірілерге жан беретін, дем ендіретін таза сана қуаты; 
жалпы рух. Сонымен қатар оны, өзектенген сана аймағына енген 
обьектілерді көретін Көрермен деп те атайды. 
ПҰТТАР (ИДОЛДАР, ЕЛЕСТЕР)

 
Фрэнсис Бэконның философиясында 
адамның шынайы таным (оның айтуынша, эмпирикалық және индуктивті) 
жолындағы соқыр сенімдері. 
ПСИХОКИНЕЗ 
— деп біздің тірлігімізден тыс жататын сыртқы жүйелерге 
әрекет ету, заттарды физикалық емес (қол тигізбей) әдіспен орын ауыстыру 
қабілетін айтады. 
ПСИХОЛОГИЗМ 
— барлық ғылым дамуын психология ұғымдары мен 
методтарынсыз түсіну мүмкін емес деп санайтын бағыт. 


376 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет