1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет228/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ 
— экономикалық дамыған елдердің 
«индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтумен 
сипатталатын, қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминді 
Д.Белл
ұсынды. Қоғам бір-бірімен байланыстағы факторлардың, техниканың
әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылықтардың жүйесі ретінде 
қарастырылады. 
ПОСТМОДЕРНИЗМ
— дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман 
дегенді білдіреді. Қазіргі жаһандану мен ақпараттық технологиялар 
жағдайын бағамдауға талпынған тұжырымдамаларды белгілейтін шартты 
термин. Постмодернизм қазіргі әлемде өркениеттік ығысу орын алған дейді. 
Адам шындықтан алыстап барады – обьективті шындық пен оның арасына 
делдалдар кірігеді, сондықтан ол виртуальды кеңістікке өтіп, Ғаламторды 
иеленеді. Постмодернизм постмодерннің обьективті жағдайын сипаттау үшін 
көптеген күрделі терминдерді қолданады. Оның басты өкілдері – француздық 
ғалымдар 
Жан-Франсуа Лиотар

Жак Деррида
және 
Жиль Делез

Постмодернизм кейбір қазақ зиялыларына – ғалымдар мен жазушыларға 
ықпал етті. 
ПОСТПОЗИТИВИЗМ 
— неопозитивизм, логикалық позитивизмді 
жалғастыруға, алмастыруға келген 
философиялық бағыт
(XXғ. II-ші жарт. 
және XXғ. аяғы). Оның басты 
мақсаты
– ғылыми білімнің (тіл, ұғым) 
құрлымын зерттеу емес, ғылыми білімнің өсуі мен дамуын зерттеу. 
Өкілдері:
К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабенд, С.Тулмин және т.б. 


374 
ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ 
— 
структурализмнің 
екінші 
толқыны, 
структурализмді 
сынаумен 
байланысты 
және 
оның 
алдыңғы 
шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Оның 
өкілдері:
Ж.Деррида, 
Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар, Ю.Кристева, М.Фуко т.б. Басты 
міндеттерінің бірі: логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі 
тіл билігін және билік тілін айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет