1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет241/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

Кук.
ТАБУЛА РАСА 
(«таза тақта») — адамның жаны, санасы, яғни қоршаған 
дүние, табиғат сол тақтаға өз белгілерін, иероглифтерін түсіреді, таным 
процесі осылай жүзеге асады. 
ТАМАС 
— енжарлық, шектеулілік пен қараңғылықтың шешуші элементі. 
ТАЛИСМАН 
(грекш. – арнаулы, арбаулы) — көне сенім, көне ырымшылдық 
бойынша иесіне бақ–дәулет әкеліп, жолын ашады, бәлекеттен қорғайды деп 
сенетін зат, бұйым. Талисманға деген сенім ежелгі сиқыр – дуа, 
фетишизммен тығыз байланысты. 
ТАЛМУД 
(көне евр. – кітап) — иудейлер дініндегі киелі кітап. Көне өсиеттің 
5-кітабынан және дінге сенушілердің іс-әрекетін құқықтық нормалар 
тұрғысынан реттеуші трактаттардан тұрады. 
ТАНАТОЛОГИЯ 
(грек мифологиясы бойынша, Танатос - өлім құдайы) — 
өлім туралы ілім, яғни адамның өлімге деген қатынасын анықтайды. 
ТАНЫМ 

 
обьективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы. 
ТАНТРИЗМ 
(санскр.«тантра» – орағыта айту, айла–тәсіл, киелі мәтін, 
сиқыр) — өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің 
секталары мен мектептерінің жалпы атауы. 
ТАРИХАТ 
(жол, бағыт) — адамның моральдық-психологиялық өзіндік 
жетілуі. 
ТАРИХТАНУ, ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ 
— адамзат тарихын пайымдау 
ілімі. Тарихи сананың шынайылығы, бағыты, даму нұсқалары жөнінде пікір 
қалыптастырып, тарихи дамудың әмбебап, жалпыға бірдей заңын табуға, 
абсолюттік мағынасын зерделеуге тырысады. 
ТАФСИР 
(арабш. – түсіндіру) — Құранды түсіндіру. 
ТӘҢІРІ, КӨК-ТӘҢІРІ
(көне түркі тілінен ауд. – мықты, ер, құдіретті) —
көне түркілердің діни наным–сеніміндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі 
есебіндегі аспанмен теңдестірілген басты Құдай образы. Бұл көзқарастың 
негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға сыйыну болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет