16
Ер адамды сыйлау.
Ер адамды не үшін сыйлау керексіз? Тіпті ұрса да, тіпті
көзіңізге шөп салса да сыйлау керексіз бе? Сыйлау деген
нені білдіреді өзі?
Сыйлау
деген-
адамның
айтқан
сөзін
құнсыздандырмау, яғни бірдеңе айтып жатса «иә,иә қоя
салшы, айта бересің бір нәрсені» демеу, шын айтып
тұрмын десе «жоқ, сен олай айтпадың, жоқ, сен ұмытып
кеттің» деп шындығын құнсыздандырмау. Пікірін соңына
дейін тыңдап, ақыл-кеңес сұрамаса, ақыл-кеңес бермей,
тек қана пікірін тыңдай алу. Әр іс әрекетіне «өзі біледі
ғой», «өзі жауапты» деген көзқараспен қарау. Сыйлау
деген-адамның өтірік айтып тұрғанын білсең де, оған «мен
саған сенемін» деп айту.
Соңғы сөздеріме қарсы шығарсыз, бірақ «мен саған
сенемін» деген сөздердің қандай ғажап күшке ие екенін
білмегендіктен ғана сіз қарсы болып тұрсыз. Бұл сөздер
еріңіздің арын, ұятын, сыйластығын оята алады, сізге
керегі тек өтірік айтса да, шындық айтса да еріңізге қарап
«жаным, мен саған сенемін» деп айту. Ал егер олай
айтпасаңыз, керісінше «сенбеймін» десеңіз, еріңіз сізге
шындығын ашып, сізге растығын дәлелдейді деп ойлайсыз
ба? Жоқ, ол сізден одан сайын бәрін жасырып, және «маған
бәрібір сенбейді» деген ойымен сізден алшақтай бастайды.
Егер еріңізбен қарым-қатынасты жақсартқыңыз келсе,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
17
еріңізде сыйлап бастау керексіз, ол үшін ең бірінші пункт-
ер адамға сену, тым болмаса «сенемін» деп айту.
Не үшін ер адамды сыйлау керексіз?
Ойлап қараңызшы, бір-бірін сыйламайтын
адамдар ұрысқанда қандай сөздер айтып
ұрысады? Ал сыйлайтын адамдар қалай
ұрысады? Қай жұптың қарым-қатынасы ұрыстан
кейін жақсара түседі? Негізі, конфликт, яғни
ұрыс-керіс, екі жұптың арасын жақсарту үшін керемет
инструмент бола алады. Бір-бірін сыйлайтын адамдар ұрыс
кезінде кемсітумен, кіналаумен айналыспайды, олар ұрыс
кезінде түсініспеушіліктің себебін анықтап, келесі жолы
сол себеппен қайта ұрыспау үшін өзара келісімге отырады.
Еріңіз сізді сыйлап бастағанын күте берсеңіз, солай
күтіп өліп кетуге де болады. Тек саналы адам ғана екінші
жұпқа әсер ете алады, мүмкін, сіз саналы адам болып,
жұбыңызға әсер ете аласыз, қалай ойлайсыз?
Сіз менің кітабымды алып, қазір оқып отырсаңыз,
сіздегі ниет-ара-қатынасты жақсарту ғой. Сіз ажырасу
үшін кітапты алған жоқсыз ғой, олай болса келесі
сөздерімді мұқият оқып, түсінуіңіз керек. Сіз ер адамды
себепсіз
сыйлап
бастамасаңыз,
араңыз
ешқашан
жақсармайды. Адамды сыйламасаңыз, сол адам үшін
себепсіз жақсылық жасағыңыз келмейді, себепсіз жақсы
көргіңіз келмейді, ол адам да сіздің сыйламайтыныңызды
сезіп дұрыс қатынас көрсетпейді, сонымен бұның шығу
жолы болмайды. «Не үшін сыйлауым керек» деген сұрақты
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |