Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
12
Сыйлау, түсіну, қабылдау...
Маған керегі осы 3 қана амал еді. Оңай сияқты, бірақ
нәпсің
жібермей, шайтан жаман ойлар сала берсе, дәл
осының өзі ең ауыр, ең азапты амалың болады екен.
Сыйлайын десең, сыйлатпайтын әрекеттері көп. Түсінейін
десең, түсіну үшін миыңа кірмейтін қылықтары жетерлік,
қабылдайын десең, қабылдауға келмейтін мінездері көп.
Бірақ бұл үш амалды мен тек қана Аллаһ разылығы үшін
істеп бастағанда, өмірім өзгерді.
Адам үшін істесең, адамнан жауап күтіледі. Мен
сыйласам, ол да сыйлау керек деп іштей кері байланысын
күтесің. Ал Аллаһ разылығы үшін
еріңді сол қалпында
сыйлай бастасаң, еш ренішің болмай, уақыт өте келе оның
шынымен сыйлауға
тұрарлық амалдарын байқай
бастайсың.
Мен күйеуімді іштей сыйлап бастағанымда, қандай
амал істесе де түсінуге тырысқанымда және оны өзгертуді
қойып, сол күйі жақсы көріп, оны қабылдағанымда біздің
қарым-қатынасымыз жаңа дәрежеге көтерілді.
Алғашқы
тұрмыстық жылы дәрежеміз тең, төмен еді, ал қазір, мен
де, күйеуім де саналы түрде шешім қабылдап, бір-бірімізді
тыңдап, бір идиллияға келгендейміз. Бұл ашық әңгімем
сіздерге пайдалы болды деп ойлаймын. Ешқашан өзгеруге
кеш емес, сондықтан сіздің өзгеруге қадамыңыз осы
кітаппен бірге басталып, әрі қарай көп ілім алумен, және
ілімді өмірде қолданумен жалғасып кетсін деп тілеймін.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: