Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет11/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
18 
әлі қойып жатырсыз ба? Өзіңіз үшін! Өзіңіздің бақытыңыз 
үшін, өзіңіздің тыныштығыңыз үшін, еріңізбен бақытты 
күн кешу үшін, және ең бастысы- Алланың разылығы 
үшін. Бұдан кейін де «неге сыйлауым керек» деп 
ойлансаңыз, еріңізбен бірге өмірді жалғастырудың мәні 
болмас. 
Қалай сыйлап бастаймын? 
 
Бұл енді дұрыс сұрақ. Еріңізді сыйлап бастау үшін 
сізге бірнеше кеңес беремін, соны қазірден бастап 
өміріңізде қолданып бастаңыз. 
1.
 
Күнде азанда оянған соң іштей «мен күйеуімді Аллаһ 
разылығы үшін сыйлаймын» деп айтыңыз. 
2.
 
Еріңіз сізге сөйлеп жатқанда нәзік дауыспен жауап 
беріңіз. 
3.
 
Еріңізге күн ара ыңғайлы сәттерде «мен сені сол үшін 
сыйлаймын ғой» деп кездейсоқ айтып қалыңыз. 
Тілмен айтылмаған дүние көзге көрінбейді, сол үшін 
еріңізді сыйласаңыз да, бірақ дауыстап оған айтпасаңыз, 
еріңіз бұны байқамауы да мүмкін. Еріңізге бүгіннен бастап 
«мені сені осы үшін, сол үшін сыйлаймын ғой» деп айтып 
тұрыңыз. Мысалы, еріңіз әңгімеде бір үйсіз қайыр тілеген 
адамға 100тг бергенін айтты, сіз осы моментті қолданып 
«жаным, жүрегің жұмсақ қой, сені осы үшін қатты 
сыйлаймын» деп айтыңыз. Немесе, еріңіз сізге бір талап 
қойып, «мынаны істе» деп бұйырған болса, күлімсіреп, 
«айтсаң болды ғой, қатты айтсаң да, сені сыйлағандықтан 
бұлжытпай орындаймын» деп айтып қалыңыз. Құлақпен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
19 
естілген дүние жүрекке барады, сіздің де жүрегіңізге 
баратынына сенімдімін. Тіліңізбен айтып бастағанда 
миыңызда жаңа нейронды байланыс дами бастайды, еріңіз 
жайлы жаңа ой қалыптасады.
4.
 
«Жеңу үшін жеңілу» техникасын жасаңыз. Еріңізбен 
әдейі айтысып «спорить» етіп бастаңыз. Еріңіз дәл 
осы ситуацияда ашуланып, өзінің пікірін дәлелдеп 
бастауы керек. Ол дәлелдеп жатқанда сіз бірден «негізі 
сенікі дұрыс, жаным. Мен неге басқаша істегенімді 
білмеймін, дұрыс ойламаған сияқтымын» деп айтыңыз 
да үндемей қалыңыз. Еркек не десе де үнсіз қала беріңіз. 
Ол шоктан сіздің бет пердеңізді шешкісі келетін 
болады, сізді өтірік келісіп тұр деп ойлап, эмоцияға 
шығарғысы келетін болады. Бірақ сіз провокацияға 
берілмеңіз. Бұл техникадан кейін еріңіздің сіз жайлы 
ойы бірден өзгере бастайды. Сіздің әйелдік рөлді 
ұстанғаныңызды көріп, ұрысты жалғастырмай, 
кешірім сұрап, асты-үстіңізге түсетін болады.
 
5.
 
Сыйластық жоқ жерде махаббат жоқ екенін түсініңіз. 
Еріңізді жақындату үшін сізге махаббатты ілгері 
қоймай, сыйластықты ілгері қою керек болады. 
Мысалы, біздің ойымызша, жақсы көретін адам 
қызғану керек, жақсы көретін адам көп көңіл бөлі керек, 
жақсы көремін деп айту керек. Бірақ бұны сізге 
ұмытуға тура келеді. Бүгіннен бастап махаббат 
жайлы, жақсы көру жайлы емес, «сыйластық» жайлы 
ойлап, сыйлайтын адам не істейді деп ойлау керексіз. Ал 
сыйлайтын адам дауыс көтермейді, міндеттемейді, әр 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет