Некеден кейін әйел бақыты
13
Сіз өзгерсеңіз, еріңіз, енеңіз 100 пайыз өзгереді
деп ниеттенбеңіз, себебі бұл өмір үлкен
система. Өміріңіз - бір система, ал
жақындарыңыздың
бәрі
системаның
элементтері, мінезіңіз, санаңыз соған сай және
тең. Сіздің дәрежеңіз және олардың дәрежелері бірдей.
Бірақ сіз өзгере бастағанда не болады? Ментальды
дәрежеңіз өскенде система сол күйі қалады, бірақ
элементтері өзгереді. Алдағы уақытта күйеуіңіз және
енеңіз системаңыздан шығып кетпеу үшін қатар өзгеріп,
сіз көтерілген дәрежеге тартылуы мүмкін немесе керісінше
таңдауы да бар. Яғни оларға сіздің өсуіңіз, өзгеруіңіз
ұнамаса, ыңғайсыз болса, онда олар жәй ғана сізбен бір
системада бола алмай, жәйлап араларыңыз үзіліп, сіздің
өмірлік жолыңыз бөлек кетуі мүмкін. Бірақ осы үшін
бақытсыз боламын деп ойламаңыз, себебі қазір, мүмкін,
сіздің бақытыңызды байлап тұрған кейбір системаның
элементтері шығар. Және олар ертелі кеш системадан
шығуы керек шығар, біз білмейміз, Аллаһ жақсырақ біледі.
Сондықтан сізге өзгерісті «өзгерсем, күйеуім де өзгереді
ғой» деген ниетпен бастамау керек, сіздің ниетіңіз
Алланың алдында таза болу керек. Яғни, тек қана Алланың
разылығы үшін ғана өзгеру керексіз, ал Аллаһ өзі шешеді
қалғанын. Элементтер системада сізбен бірге өзгереді ме,
сізді қабылдайды ма, әлде сіздің системаңыздан Аллаһ
Тағала оларды алып тастайды ма, хайырлысын тек Аллаһ
біледі.
Бұл кітап сіз үшін дайын инструкция болады. Сізге
нақты психологияны жазамын, ал сіз, егер қазір
басыңыздан кризис кешіріп жатсаңыз, біріншіден,
күнделікті мен жазғандай дұға етіп бастаңыз, екіншіден,
менің берген инструкциямды өмірде саналы түрде