Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет13/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
22 
түйіп, басын салбыратып жұмысына кететін, кейде мені 
алдап жұмысқа кеткендей болып, бірақ басқа жаққа да 
шыға беретін. Басқаларға осыны айтсаң, еркек жаман 
сияқты көрінеді, бірақ жұмысы ұнамайтын кез-келген адам 
солай істейді, ал ең жақын адамы түсінбей, сүйікті адамын 
емес, ұнамайтын жұмысын таңдап тұрса, онда одан бетер 
түңіліп кетеді. 
Кризистен кейін бұл әңгіме қайталанды. Осыған дейін 
еріме ашуланып, тыңдағым де келмесе, осы жолы еріме 
таңдауды өзі қабылдауға мүмкіндік бердім. Ренжімей, 
ашуланбай, барынша кез-келген шешімін қабылдап
түсінгенімді көрсеттім. Әрине, осы жұмысы жақсы еді, 
басқа жерге тез орналасып кете ма, осы жұмыстан ерініп 
қашып жүр ма екен деп те ойладым,бірақ сонда да мен 
үшін жұмыс, ақша емес, арамыздағы түсіністік маңызды 
болды. Арамыз оданша жылы, түсіністік пен сенімге толы 
болсын, ол маған өтірік айтып, сырын жасырып жүргенше 
деп ойладым. Осындай ойым болған соң, еріме былай 
дедім: «мен сені түсінемін, жаным, соңғы кездері шаршап, 
ауырып жүрсің ғой. Жұмысың ұнамаса өзіңе ыңғайлы 
вариант қарастырып көресің бе? Қандай шешім 
қабылдасаң да мен сен жақтамын ғой, сені қолдаймын» 
дедім. 
Түрімнен 
де, 
сөзімнен 
де 
оны 
толық 
қабылдайтыным, түсінетінім көрініп тұрды. Ол да қуанып 
кетті, мүмкін, мені ұрысады, ренжиді, түсінбейді деп 
ойлаған болар, бірақ осындай реакциямнан кейін «сен 
сияқты түсінігі мол әйелім болғанына шүкір» деп 
құшақтады. 
Бұрын ерімнің әр әрекетіне өз пайдама қарай, өзімнің 
көзқарасыма қарай ғана баға беретінмін, ал қазір кез-
келген әрекетіне терең ойланатын бодым. Оның бұл 
әрекетіне түпкі ниеті қандай болды екен? Мен оның 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет