Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет119/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
189 
Еркекті баласы ретінде көреді. Бұл инстинкт жақсылыққа 
алып келмейді. Сол себепті осы уайым сезімінен арылып, 
оны қызығушылыққа алмастыруыңыз керек. 
2.
Тәуелділіктен 
арылудың 
екінші 
қадамы
– 
эмоцияларыңызды қадағалау және бақылау. 
Тапсырма: 
Бір апта бойы өзіңіздің еріңіздің сөзіне, әрекетіне пайда 
болған эмоцияларыңызды жазып жүріңіз. Бұл сізге 
негативті эмоцияңызды бақылау үшін және олардан арылу 
үшін керек. Алдымен күйеуіңіздің әрекетін жазасыз, одан 
кейін сол әрекетіне сізде пайда болған эмоцияны және 
эмоцияның жетегінде өзіңіздің қандай әрекет еткеніңізді 
жазасыз.
 
Эмоцияның түрлері: 
Аяу.
Мысалы, күйеуіңіз жұмыста бастығынан сөз 
естіп, көңіл-күйі болмай келді. Сіз оны аяп, сүйікті 
тамағын пісіріп бересіз. Тамақ жасау үшін қаланың 
бір шетіне өзіңіз барып, азық-түлік алып келесіз. Келе 
жатқан жолда балаларды бақшадан алып келесіз. 
Негізі, бұрын бұл жұмыстың барлығын күйеуіңіз 
жасап жүрген болса да, сіз оны аяғандықтан бүкіл 
жұмысты өз мойныңызға аласыз. Ал күйеуіңіз бұл 
уақытта өзін «жертва» қылып диванда аяғын созып 
жатады. Осының барлығын жазасыз.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
190 
Реніш.
Мысалы, күні бойы еш демалмастан үйдің 
шаруасын жасап жүріп, шаршап кетесіз де, 
күйеуіңізге қарасаңыз, рахаттанып телефон қарап 
жатыр. Ішіңізден «мен таңнан кешке дейін бір тынбай 
үйдің шаруасын жасап жүрмін, бір дем алмадым, не 
дұрыс тамақтанбадым. Ал ол болса көмектесейін 
деген ойы да болған жоқ» деген қатты реніш сезімі 
болды. Осы уақытта қандай әрекетке бардыңыз? 
Іштей тындыңыз ба немесе күйеуіңізбен сөйлеспей 
қойдыңыз ба соның барлығын дәптерге түсіріңіз. 
Ашу мен ыза. 
Мысалы, күйеуіңіз кешке достарымен 
кездесіп, 10- да келемін деді. Бірақ сағат 10- да 
келмеді, телефоныңызды алмады. Таңғы сағат 4-те 
келді, әрі көп ішіп масайып қалған. Сіздің ашуыңыз 
келіп бір жаққа кетіп қалдыңыз немесе тамағын 
дайындап бермей қоясыз. Дәл осылай күйеуіңіздің 
қандай әрекетінен кейін ашуыңыз келіп, сіз не 
істегеніңізді толықтай жазасыз. 
Уайым.
Күйеуіңіз сізге ескертпей 1 күн бойы 
хабарсыз кетті. Сіз уайымдап оның жұмыстас, 
достарының барлығына хабарласып жатырсыз. 
Осылай дәптерге жаза бересіз. 
Бір апта бойы әр туындаған эмоция мен әрекетіңізді 
жазып жүрсеңіз, алдағы уақытта өзіңізді түсіне 
бастайсыз. Сізде пайда болған эмоция орынды ма 
орынсыз емес пе, сол эмоцияның жетегінде жасаған 
әрекетіңіз дұрыс болды ма немесе эмоцияңыз 
басылғанын күтіп басқаша әрекет етсеңіз дұрыс болар 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет