Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
186
что) жақсы көреді дегенге сенбейді, байқамайды. Мүмкін
ол үшін
ұялатын шығар, қысылатын шығар, өзін лайық
сезінбейтін
шығар.
Қысқаша
айтқанда
шартсыз
махаббатты өзіне қабылдай алмайды. Не үшін ондайға өзін
лайықсыз көреді? Осы жерден екінші элемент шығады.
Өз қажеттіліктеріңізді түсінбегендіктен.
Сіз қандай
тамақ
жегіңіз келеді, қандай түсті ұнатасыз, хоббиіңіз
қандай деген сұрақтарға жауап бере алмайсыз.
Өзіңізді
жақсы танымайсыз. Ал басқа біреу сіз туралы білмесе
ренжисіз. Өзіңіздің не қалайтыныңызды білмейсіз де, бірақ
басқа адамның білгенін қалайсыз. Туған күніңізге не
сыйлайын десе не жауап береріңізді білмейсіз. Өздігінен
сыйлық берсе менің не ұнататынымды білмейді деп іштей
ренжисіз. Немесе сыйлыққа гүл
сұрайсыз, бірақ гүлді
өзіңіз шын жүректен қалап тұрмаған да боларсыз. Өзіңізге
іштей не керегін нақты түсінбегеннен кейін партнерыңыз
да сіздің не қалайтыныңызды білмейді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
187
Тәуелділіктен арылудың 3 қадамы.
1.
Тәуелділіктен арылудың бірінші қадамы.
Бірінші
уайымнан арылу керек.
Мен бұл сезімнен қалай
арыламын деп ойлап отырған шығарсыз. Тәуелді
болғандығыңыздан, сіз ер азаматыңызды әрдайым
уайымдап отырасыз. Тамақ пісіріп кетпесем аш қалады
ғой, дәріңді іш деп айтпасам ұмытып кетеді ғой, киімін
үтіктеп қоймасам кешігіп қалады ғой деп уайымдайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: