Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
192
Мұндай бақылау сезімінен қалай арылуға болады?
Тапсырма:
Еріңізбен
ашық сөйлесіңіз. Тәуелді екеніңізді
айтыңыз. Оны қалай түсінгеніңізді айтыңыз. Осы
тәуелділіктен
арылғыңыз келетінін айтып, одан көмек
сұраңыз. Күйеуіңізге сіздің бойыңыздағы өзін еркін
сезінуге кедергісін келтіретін қасиеттеріңізді тізіп жазып
беруін сұраңыз. Мысалы, күйеуіңіздің айтуы бойынша, ол
досына кеткенде сіздің бірнеше рет қоңырау шалғаныңыз
ұнамайды дейік. Сізге «бір
рет қоңырау шал, егер
көтермесем, қайта хабарласпай күте тұр» деп айтты. Енді
сіз осыны есте сақтайсыз да, өзіңізде дәл сол жағдай
қайталанған кезде қандай әрекет жасайтыныңызды
ойлайсыз. Мысалы, «күйеуіме
хабарласқан кезде ол
тұтқаны көтермесе, мен қайта хабарласпаймын, оның
орнына құрбыммен сөйлесемін» деп әр әркетіңіздің
орнына басқа әдет қалыптастырасыз. Осылай 21 күн
қатарынан қайталап, ер адамды бақылаудан құтыласыз.
Достарыңызбен бөлісу: