Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
198
қарайтыныңыз болуы мүмкін.
Еріңізден сөз алар бұрын
бірнеше мәселені ескеріңіз.
Еркек өзіне қатысты дүние үшін сөз беруге міндетті
емес, ол өзінің денсаулығы, өзінің бос уақыты, өзінің
достарымен қатынасы. Сіз еріңізге темекіні таста,
энергетик ішпе деп талап ете алмайсыз, себебі олай талап
ететін тек қана баланың анасы.
Ал сіздіңі күйеуіңіз
бала емес, сіз оған ана емессіз.
Еріңізге телефонмен инстаграмда көп отырма, бізге көп
көңіл бөл деп те талап ете алмайсыз, себебі адамның
уақыты тек өзінің басқаруында бола алады. Сіз ересек
адамға маған
көңіл бөлуге сөз бер десеңіз, онда оны
күштегеніңізбен тең болады. Ал біз уақытымызды,
көңілімізді тек өз еркімізбен арнай аламыз, бұл еркектің
жаман болғандығынан кіналайтын дүние емес, бұл өте
ойланатын, сізді біраз сілкіндіретін дүние.
Ер адам көңіл
бөлмесе, сіздің ол үшін қызығушылығыңыз аз деген сөз.
Еркек телефонда көбірек уақыт отырса, ал сізбен әңгімеден
қашса, тезірек қарым қатынасты жақсартуға, араңызды
жақындатуға, өзіңізді барынша қызықты әйел етуге
тырысу керексіз. Не айтқым келгенін түсіне алдыңыз ба?
Ер адамнан талап етпеуге, және сөзінде тұруын талап етуге
болатын нәрселер бар, оны өзіңіз саналы түрде ажырата
алуыңыз керек. Шекараны өзіңіз аттап, ересек адамға ана
болып кетуден аулақ болыңыз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: