Некеден кейін әйел бақыты
23
орнында болсам не үшін жұмысқа барғым келмес еді? Неге
үйге келгім келмес еді? Осындай сұрақтар қойып, ерімді
толық түсінуге тырысатын болдым.
Еріңізге оны түсінетініңізді көрсету
үшін не істеу керек?
1.
Еріңізді түсіну үшін сізге өзіңізді оның орнына қойып
үйрену керек.
2.
Еріңізге дауыстап, ауызбен «мен сені түсінемін» деп
өте жиі айту керек.
Осы қарапайым екі қадам сіздің араңызды
жақындатады. Ер адам сіздің оны түсінетініңізді
сезгенде, өзінің сырын айтып, әңгімесімен бөлісіп,
тіпті қателіктері жайлы да қорықпай айта
бастайтын болады. Және бөлек тақырыпта «ер
адамның сеніміне кіру, ер адамға дос болу» жайлы
жаздым, кітаптың сол бөлімін де мұқият оқып
шығыңыз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
24
Ер адамды қабылдау.
Не үшін қабылдау керекпіз?
Жоғарыда сыйлау, түсіну жайлы оқыдыңыз, ол екеуін
шынымен жүзеге асыру үшін сізге ең бірінші «қабылдау»
керек. Неге қабылдауды үшінші етіп жаздым? Себебі адам
егер сыйлағысы келмесе, түсінгісі келмесе, яғни
қарапайым қалауы «желаниесі» болмаса, онда ол басқаны
сол күйі қабылдай да алмайды.
Адамды қабылдау деген не? Ол адамды өзгертуге
тырыспау, адамның таңдауына сын айтпау, адамның кез-
келген өзіне қатысы жоқ әрекетіне баға бермеу. Міне,
осылар арқылы сіз адамды сол күйі қабылдадыңыз ба, жоқ
па, бірден білінеді.
Ешкім басқа адам үшін өмір сүрмейді. Аллаһ Тағала
бізді жаратқан себебі де адамдардың көңілін ойлау үшін,
оларға жағу үшін, олардың ойынан шығу үшін емес, тек
қана Аллаһқа құлшылық жасау үшін ғана. Біздің адамды
қабылдай алмайтынымыз осы басты мәселені ұмытып
кеткендігімізден. Адамның табиғаты, мінезі, іс-әрекеті,
барлығы тек өзіне және Аллаһтың разылығына бағыттала
алады. Әрине, оны сіздің күйеуіңіз, сіздің енеңіз түсінбеуі
мүмкін. Бірақ осы кітапты оқып жатқан сіз ғой, демек сіз
осыны жақсылап ұғынып алуыңыз керек. Адамның амалы
адам үшін болса, біз тек қана адамның «ожиданиесіне»
қарай өзімізді икемдей бастаймыз. Және өзге адамнан да
соны күтеміз. Біздің икемімізге қарай олар да бүгілсін,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |