Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет15/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
25 
түзелсін, сыйласын деп ойлаймыз. Бұл ойлар «адамды 
қабылдамау керек» дегенге тікелей алып келеді. Еріңіз 
сізге қаншама жамандық жасаса да, ренжітсе де, көңіліңіз 
қалса да, сіз еріңізбен әлі де біргесіз. Бірақ іштей оның 
мінезін, кейбір қылықтарын, көзқарасын қабылдай 
алмайсыз. Сізге осындай жағдайда өміріңізде не 
болатынын айтып бергім келеді. Болашақты болжау емес, 
жәй ғана статистика. Әйел адам бірнеше жыл бойы бір 
үйде тұратын адамдардың қасиеттерін, мінез-құлқын 
өзгертсем екен деп ойлап жүрсе, маған басқаша қараса 
екен деп ойласа, онда ол әйелдің миы үнемі шеттегі 
өзгерістерге, немесе өзгерілмеген нәрселерге фокусын 
бағыттап үйреніп қалады екен. Бұл адамның миына үлкен 
жүк болады. Өзгені ойлау - көп энергияны жұмсайды, 
мидың көп күшін алады. Сондықтан әйел өзгені көп ойлай 
берсе түрлі әйелдік ауруларға шалдығады. Миома, цистит, 
киста, қалқанша без (щитовидка), аурулары, әйелдің белі, 
омыртқасы, басы үнемі ауыратын болады. Ми өзінің 
функциясын атқара алмайды. Өзінің қауіпсіздігін, 
организмінің толыққанды жұмыс жасауын ойламайды, 
оған энергиясы, күші жетпейді.
Егер адамның миы өзінің әрекетіне, өзінің 
бүгінгі сәтіндегі әрекетіне, мінезіне, мақсатына 
бағытталса, 
онда 
адамда 
өмір 
сүруге 
мотивация, күш пайда болып, бүгінгі күнді 
кешегіден де жақсы өткізу үшін неше түрлі идея 
туындатып, өмірге құлшынысын арттырады екен. Себебі 
мидың жұмысының мақсаты-өзіңді жақсарту, өзіңді ойлау, 
ал діни көзқараспен қарасақ, негізгі мақсат - Аллаһ 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
26 
разылығы үшін өзіңді ойлау, өзіңді кешегіден де жақсы 
етуге тырысу. Өзін осындай ниетпен ойлайтын адамның 
әрекеті өзгелерге мүлдем тәуелді болмайды, ал тәуелді 
болмаса, демек өзгенің әрекеті мен мінезі де бірқалыпты 
қарайды деген сөз. Өзгелердің сөзіне, ісіне бірқалыпты 
қарау-адамды толық қабылдау деген сөз. 
Егер енеңіздің біреуді жамандағаны, үнемі 
ауыра беретіні, теледидар көріп жата беретіні, 
үй жинамайтыны, сізге жылы қарамайтыны
туыстармен 
дұрыс 
араласпайтыны, 
күйеуіңізге бала сияқты қарайтыны ұнамаса, демек, сіз 
енеңіздің қабылдамадыңыз, себебі өзіңізді ойлаудың 
орнына өзгенің әрекетін көп ойлайсыз, баға беріп, бәрі 
сіздің ойыңызша болғанын күтесіз. Сізді бұл ойлар үнемі 
ренжи беруге, енеңізді көрген сайын нервіңіз ұстауға, 
психологиялық тұрғыда шаршауға алып келеді. Дәл солай 
күйеуіңізбен де қарым-қатынаста. Сіздің өміріңізде, сіздің 
миыңызда «СІЗ» жоқсыз, күндіз-түні өміріңізде ,миыңызда 
«ене, күйеу, көрші, инстаграм, блогерлер». Сіз өзіңізді 
баяу өлтіріп жатырсыз, өзіңізге аурулар шақырып 
жатырсыз. Және күннен күнге өзіңізді Алладан алыстатып 
жатырсыз. Сізге жәй ғана өзге адамдардың өмір сүру 
манерасын, сөздерін, көңіл-күйін, әрекетін СІЗГЕ 
ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ екенін есте сақтап, саналы 
түрде түсіну керек. Және осы сөздерді бейсанаңызда 
ұстаным ретінде қалыптастыру керек. Күйеуіңіз жұмысқа 
кеш тұрды ма? Ашуланбаңыз, тіпті миыңызға «кеш тұрды, 
оянбай жатыр» деген ойды кіргізбеңіз де. Ер адамның 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет