Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
278
Екінші қорқыныш- әйел ақша тапса, еркек
босаңсып кетеді деп ойлау.
Бұл шыны керек,
тек қана
сылтау. Қорқыныштың артындағы сылтау. Әйел адам ақша
тауып бастаса, әйелдің самооценкасы өседі, себебі әйел
өзінің қажеттілігін өтей алады, ешкімге тәуелді болмайды.
Не үшін әйелді ұрғанда, боқтағанда,
әйел шекарасын
аттауға рұқсат береді? Себеб өзі ақша таппайды, кетіп
қалуға мүмкіндігі жоқ, жазалауға еш дәрмені болмаған
соң, шыдап жүре береді. Ал ақша табатын әйелдің бірден
сенімділігі артып, ешкімге
өзінің шекарасын аттауға
мүмкіндік бермейтін болады. Ал ер адам босаңсып кетеді,
ақша таппай қояды деген жәй ғана қорқыныш және сылтау.
Сізге бұны ақша тауып та алдын алуға болады. Қалай? Ер
адамның қажеттіліктерін өтемеу арқылы. Негізі, менде
бұндай қорқыныш үйленудің алғашқы жылында болған.
Сол қорқыныштан табысым да бір орында тұратын, бірақ
мен қорқыныштан құтылғалы бері бәрі өзгерді.
Ер адамның сізбен ақшаға таласпауы үшін, сізге ғана
тіленіп отырмауы үшін, біріншіден, өзіңіз ашық түрде ер
адаммен сөйлесу керексіз.
Табыс табатын әйелдің бірнеше ережесі бар, бұл
ережені мен өзім ойлап таптым. Сіз оны ұстануға міндетті
емессіз.
•
Өзінің күйеуі
алып бере алмайтын, жағдайы
жетпейтін, бірақ әйелі өзі қалайтын қажеттіліктерге
өзінің ақшасын жұмсай алады. (киімі, косметикасы,
тамағы, көлігі, қыдыруы)
•
Әйел адамның өзінің қажеттіліктеріне ақшасы жетпей
жатса, онда ер адамның (тамағын,
көлігінің
жанармайын, киімін, кредитін) жалпы қажеттіліктерін
төлемеу қажет.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: