Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет172/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
279 

Егер әйел адамның табысы ер адамның табысынан 
көп мөлшерде артық болса, онда әйел нормадан 
жоғары ортақ қажеттіліктерге ақшасын жұмсай 
алады. (рестораннан тамақ тапсырыс беру, шетелге 
қыдыру, 2 есе үлкен, қымбат үйге көшу, т.б әйел өзі 
қалайтын дәрежедегі қажеттіліктер). 
Бұл ережелер қатып қалған жоқ, әркімнің өз нормасы 
болады. Кейбір отбасыда әйел адам ғана табыс тауып, ал 
ер адам үйде балаларға қарайды. Бұл әр үйдің өз 
нормасына қарай, ешкім ешкімге «бұлай болмайды ғой» 
деп айта алмайды, егер әйелге де, ер адамға да бұл ұнаса. 
Бастысы, ешкім әйелді осындай жағдайда өмір сүруге 
міндеттемеу керек. Күштемеу керек. Егер бұл әйелдің өз 
қалауы болса, онда ешқандай проблема жоқ. Менің айтқым 
келетіні-әйелдің материалдық тұрғыда ешкімге тәуелді 
болмауы керектігі. Еріңіз сізге меншік ретінде қарамауы 
үшін де табыс таба білуіңіз керек. Себебі көп ер адамның 
санасында ақша таппайтын әйел ешқайда кете алмайды, 
оның бағасы жоқ, құндылығы жоқ, тіленіп жүретін біреу 
деп ойлайды. Солай ойлаған соң, әйел де өзіне солай 
қарайтын болады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
280 
Табысы бар әйелдің қателіктері 
 
Табыс, ақша самооценканы көтеретіні рас, тіпті 
соншалықты көтеріп тастайды да, әйел өзінің әйел екенін 
ұмытып, ер адаммен теңесе бастайды. Тапқанын 
міндеттеп, енесіне, күйеуіне соны айта беретін болады. Сәл 
ұрыс болса, сәл ер адам жақтан бір кемшілік болса, немесе 
ер адам әйелдің шекарасын аттаса, әйел бірден өзінің 
табысын міндет қылып, «мен ананы алдым, мынаны 
төледім» деп кетеді. Бұл өте үлкен қателік. «мен бердім, 
мен төледім» деген сөздер ер мен әйелдің арасын бірден 
ұзақ уақытқа бұзады. Бұзылған қатынасты қайта орнына 
келтіру өте қиын. Табыс табатын әйелдің тағы бір қателігі-
ақша туралы көп әңгіме айту. Негізі ақша туралы тақырып 
тек ер адамның аузынан шыққаны дұрыс. Егер әйел адам 
еркекке ақша туралы көп айтса, еркектің ойында әйел 
туралы өте жаман ойлар қалыптаса бастайды. Әйелдің рөлі 
бірден өзгере бастайды. Сондықтан, егер табысыңыз бар 
болса, ер адамға еш уақытта «ақша бердім, мен төледім, 
мен бердім, ақша қанша қалды, қанша кетті» деген 
әңгімені айтпаңыз. Аузыңыздан шықпасын. Еріңізбен 
қарым-қатынасыңыз 
бұзылғанын 
қаламасаңыз, 
табысыңызға қарамай өз әйелдік рөліңізді ұмытпаңыз. 

Ер адамнан барлық мәселеде ақыл сұраңыз 

Өз жұмысыңызда ер адамнан көмек сұраңыз 

Алғыс айтып, оған мұқтаждығыңызды көрсетіп 
тұрыңыз 

Еріңізбен жұмсақ, нәзік дауыспен сөйлесіңіз 

Ұрыста ақша жайлы ешқашан сөз қозғамаңыз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет