Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет170/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
275 
отырып 10 мың теңгеден бірнеше миллионға дейін табуға 
болады. Сіз де «мен амалын таба алмай жүрмін» дейтін 
шығарсыз. Неше түрлі сетевойды көрдім, елдің чатында 
отырып адам шақырдым, біреудің еңбегін ұрлап саттым, 
бірақ табысым тұрақты емес, тіпті қажеттілігіме жетпейді 
дейтін шығарсыз. Бұл бірінші «отговоркаңыз». Ал 
екіншісі- еркектің босаңсып кетуінен қорқу. «Мен ақша 
тапсам, еркек ақша таппай қояды» деген қорқыныш. Екі 
қорқынышты да талдап беремін, мұқият оқыңыз. 
Бірінші қорқыныш-ақша табудың амалын таба алмау

Неге бір адам бір салада ақша таба алады, ал екінші адам 
сол саладан түк таппайды? 
1.
Ақша көп табатын адам сол саладан ақша табуға 
тырыспай тұрып, өте көп ізденіп, сол саланың 
адамдарынан ілім алады. Өтірік ілім емес, шынайы, 
бар ынтасымен алынған ілім. Өзін «новичок» 
сезінбеуі үшін ақшасын аямай, сол салада біраз 
нәрсені үйрену үшін «вложение» жасайды. Бұл бір 
себеп. Екінші себеп- адамның сол саладағы ақша 
табудың ниеті. Яғни жәй ақша үшін ғана жұмыс 
істегісі келсе, онда адамның миы оған көп ақша табуға 
мүмкіндік бермейді, және ешқандай жолдарын 
көрсетпейтін болады. Неге? Себебі ақша-бейсана 
үшін тек қана қағаз, жәй ғана құрал. Ал жәй қағаз үшін 
бейсанамыз адамға не күш, не мотивация, не 
энергения бергісі келмейді. Тіпті ақша табу жолдарын 
көрсетудің орнына тек сылтаулар тауып беріп 
отырады. Біз бейсананың бұл процесін еріншектік деп 
айтамыз. Шынымен де, адамда мотивация болмаса, 
еріншектік пайда бола бастайды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
276 
Миымыз ақша табуға ерінбеу үшін не істеу керек? 
 
Жұмысты істегендегі ниетіңіз тек қана ақша болмау 
керек. Миды көндіру үшін, ол көзбен көріп, қолмен ұстай 
алатын нәрсе үшін жұмыс жасайтынын білу керек. Ол үшін 
бірінші ниет-өзге адамдарға көмек бере алуың болу керек. 
Басқа адамға көмектесе алу-керемет ниет. Ал екінші ниет-
сол ақшаға сатып алғыңыз келетін затты ойлау керек. 
Мысалы, көлік, көйлек, үй, иіс су, шетелге шығу т.б. ақша 
табудың себебі кредиттен құтылу, қарызды жабу, аренда 
төлеу болмау керек. Себебі проблеманы ойлаған кезде де 
мидың мотивацияға бөлетін энергиясы болмайды. Адамда 
мотивация болу үшін дофамин гормоны бөліну қажет, ал 
дофамин тек қуанышта бөлінеді. Ал миыңызды қуанышты 
ниет үшін ақша тапқыңыз келетініне көндіру үшін, сіз сол 
картинаны өте жиі елестету керексіз. Қазір оны 
визуализация деп айтады. Визуализацияны біреулер шегі 
жоқ армандаумен жасайды, менің миым шексіз арманға 
сенбейді, сол үшін орындауға болатындай арманды 
елестетемін. Мысалы, Араб еліне саяхаттауды ниетке 
қойсам, менің сол арманымды орындау үшін жұмыс 
істеуім керек, ақша жинауым керек. Ол үшін менде 
еріншектік болмау керек. Ал ерінбеу үшін мен не істейміз 
дедім? Арманымызды миымызға көрсетеміз. Араб еліне 
саяхаттың бағасын біліп алам, билетін сұраймын, 
видеоларын көремін, және сол арманымды суретіне қарап 
елестетемін. Күнделікті елестетемін. Бұл шынымен де 
көмектеседі. 
Неге бірінші адам көп ақша табатынын, ал екінші адам 
ақша таба алмайтынын түсіндіңіз ба? Екінші адам «ақша 
тапқым келеді» дейді де, өзінің ақшасын оқуға, үйренуге 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет